14 Декабрь
23:01
Астана: -21 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Спорт
16 мамыр 17:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Асық ойыны тұңғыш рет оқушылар спартакиадасы бағдарламасына енгізілді
Дәстүрлі өткізіліп келе жатқан мектеп және колледж оқушыларының арасындағы 8-ші жазғы спартакиаданың қатарына биыл тұңғыш рет ұлттық ойынымыз -  асық ату спорты енгізіліп отыр.



Спартакияда шеңберінде оқушылар арасында өткізілген республикалық деңгейдегі  асық ату турнирі Астана қаласында өзінің байрағын көтерді.
Жарысқа республикамыздың түпкір-түпкірінен Атырау, Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Алматы облысы, Маңғыстау облысы, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалаларынан 9 командадан құралған 60 жуық спортшы қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған  ҚР «Асық ату» федерациясының вице-президенті Жомарт Сабыржанов: «Асық ату жарыстары мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы маусым айында  Қазақстан Республикасының кубогы ұйымдастырылады. Сосын елорда күні қарсаңында  дәл осы спорт түрінен халықаралық турнир өтеді. Міне, бүгін біздің жастарымыз сол байрақты бәсекелерге қатысуға дайындалып жатыр»,- деді.
Еліміздің жан-жағынан жиналған спортшы оқушылар  елорда төрінде  өздерінің мергендіктерін, ептіліктерін, шапшаңдықтарын байқатты.
«Асық секілді құндылықтарымыздың астарында біздің тарихымыз жатыр. Асық ойыны жас балаларды мықтылыққа, мергендікке үйретеді. Сондықтан да бұл турнирдің тәрибелік мәні басымырақ.- дейді Астана қаласы командасының жаттықтырушысы Ескендір Рахметов.
Екі күнге созылған бәсекенің қорытындысы бойынша, командалық есепте Жамбыл облысы бірінші орын, Астана қаласы екінші орын, Қостанай облысы үшінші орын алды.
Ал жекелей сындарда Ақмола, Қостанай, Жамбыл облыстарынан келген  командалар өздерінің шеберліктерімен топтан оза шықты.

Дереккөзі: reactor.inform.kz
нравится:    1544
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии