|    |  
21 қараша 2018
06:54
қаз
Асыранды арыстан иесін талап тастады
11 қазан, 17:51 119



Мексиканың Сьюдад-Хуарес қаласында жергілікті тұрғын ауры халде ауруханаға түсті. Оны асыранды арыстан талап тастаған, деп хабарлайды Associated Press.

41 жастағы Эрик Ноэ Ромеро Мераз өзінің үйінде ұрғашы ақ арыстанды тағы бір арыстанмен және жолбарыспен бірге асыраған. Қолға әбден үйренген жыртқыштардың иесі олардың аулада және үй ішінде еркін қыдырып жүруіне рұқсат еткен.

Жақында полиция қызметкерлері Меразды өз үйінде қан-жоса болып шалажансар күйде жатқан жерінен тауып алған. Оның қолы мен аяғын жыртқыштар бірнеше жерден тістеп, бір тізесінің қалқанын жұлып алған. Сонымен қатар оның мойнында тереңдігі 20 см жарақат табылған.

Эрик Мераз ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Тұмсығы мен аяқтары қалға боялған ұрғашы арыстанды ауладан тапқан.

Үйде асыраған жыртқыштардың ешқайсысы ресми тіркеуден өтпеген. Билік жыртқыштарды қамап, енді оларды қорыққа немесе сафари-паркке орналастыру мәселесін қарастыруда.


Дереккөзі: КорреспонденТ
 
Жаңалықтар