19 Август
18:56
Астана: 21 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Мәдениет
23 шілде 12:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Атақты актриса Мерил Стрип отбасылық бақыт құпиясымен бөлісті
Мерил Стрип өмірінде керемет жоғары мансаптық дәрежемен бірге, отбасылық бақытқа қол жеткізген санаулы жұлдыздардың бірі. Ол мүсінші Дональд Гаммермен бір шаңырақ астында  37 жыл оттасып, 4 бала тәрбиелеп өсірген бақытты отанасы. Мерил Стрип отбасылық бақыт құпиялары туралы пікірімен журналистермен бөлісті.



«Менің Дональдмен құрған некем өте сәтті болды деп ойлаймын. Алайда, кез келген некеде, отбасылық өмірде бақыттың шарықтауы немесе құлдыруы сияқты жағдайлары міндетті түрде орын алады. Біз отбасылық өмірдегі ең басты мәселелер болып табылатын, балалар тәрбиесі, секс және ақшаға байланысты бір келісімге келе білдік. Көп жағдайларда отбасылық кикілжіңдер «машинаның әйнегін сүрту кімнің кезегі, неге оны ешкім істемеген, мен неге оны қайталап жасауым керек» дегенге саятын  түкке тұрғысыз жайттардан орын алып жатады. Алайда, осындай түкке тұрғысыз әрекеттер үшін ұрыс, дау шығару ақымақтық емес пе?!»,- деді Стрип.



«Мен жас актриса болған кезде, менің ойыма Кэтрин Хепберннің: «Сен екі істі бірдей жақсы етіп атқара  алмайсың. Таңдау қажет»,- деген сөзі жиі оралатын. Мен өзімнің аяғымның ауыр екендігін білген кезде: «Барлығы бітті. Мен ешқашанда Кэтрин Хепберн сияқты бола алмаймын»,-деп ойладым. Бірақ мен қазір балаларымның бар болғаны үшін бақыттымын. Олар кішкентай болған кезде, көп нәрселерден бас тарттым. Мен оларға көбірек керек екендігімді сезіндім – отбасы мен үшін әрқашан бірінші орында болды. Қазір олар есейді, енді мен көбірек жұмыс жасай аламын,- деді атақты актирса.

Еске сала кетейік, «Мерил» Стрип үш рет «Оскар» сыйлығының иегері болған. Оны танымал еткен фильм «Охотник на оленей». Осы фильмдегі рөлі үшін ол алғаш рет «Оскар» сыйлығына ұсынылған болатын. Өзінің 30 жылдық актерлік мансабында үш «Оскар», сегіз «Алтын глобус» және Киноактерлер Гильдиясы сыйлығына ие болған.  Оған АҚШ президенті Барак Обама өз қолымен Еркіндік медалін тапсырған.

Дереккөзі: segodnya.ua
нравится:    924
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии