17 Декабрь
12:08
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
30 мамыр 11:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Атақты әзербайжандық веложиһангезді Қазақстанда қасқыр жеп қоя жаздаған


Атақты әзербайжандық веложиһангез Рамиль Зиядовты Қазақстанда қасқыр жеп қоя жаздаған. Бұл туралы ол украиналық жаңалықтар порталына берген сұхбатында әңгімелеген.
Айта кетерлігі, Рамиль Зиядов бүкіл Еуразияны велосипедпен шарлап шыққан жиһангез. Осы сапарында ол үш рет өлім аузынан қалыпты. 38 жастағы Рамиль «дала самалы» аталатын велосипедімен үш жыл бойы Еуропа мен Азияны аралап шыққан. Өзбекстан, Қазақстан, Новосібір мен Тольяттиді басып өтіп, сосын Мурманскідегі Поляр шеңберіне дейін жеткен.
Осындай әлемдік сапарларында веложиһангез үш рет өлім аузынан қалғанын әңгімелейді.  Біріншісі ағып жатқан лас өзеннің суынан ішіп, ішек таяқшасын жұқтырған екен. Соның салдарынан үш күн бойы орманда адасып, шыға алмай жүрген. Екінші жағдай - Альпі шыңдарын бағындыру барысында қар көшкініне тап болған. Тау шыңында қамалған ол, ақырында жол тауып мақсатына қол жеткізген. Ал Қазақстандағы жазық далалардың бірінде ол бір топ қасқырдан әрең қашып құтылған екен. «Тіпті сол қасқырлардың бірімен жекпе-жектегі секілді көзбен атысуға да тура келді», деп әңгімелейді Раммиль.
Еске салайық, Рамиль Зиядов 2013 жылы әлемнің бес мемлекеті бойынша велотур жасады, алты ай ішінде ол Әзербайжан жалауын желбіретіп Ресейді, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан  мен Қытайды велосипедпен аралап шықты. Ал 2015 жылы Рамиль «Әзербайжан даңқы үшін» атты әлемдік турнені жүзеге асырды.
 
нравится:    868
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии