22 Август
15:10
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Туризм
21 сәуір 18:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Атақты Шайтанкөл тарихы
Шайтанкөл Қарағанды облысы Қарқаралы тауларында орналасқан.
Шайтанкөл көлі Бұғылы тауында,  гранитті жартас пен қарағай орманы қоршаған 1200 м биіктігінде орналасқан.  Ұшар таудың ба­сында тостағанға құйған судай болып жарқырап жататын айдын көл ағын­сыз.

Көл суы бұрын сөндірілген жанартаудың өзегіне қатты ұқсайды. Эзотериктердің пайымдауынша, көлдің түбінде бізге параллельді әлемнің порталы бар деп есептейді. Түнде көлге жан кіреді. Егер оның жағасында адамдар болса, олар түрлі тылсым құбылыстарға куә болады.

 Өзіңізді елестетіп, тауға шығыңыз. Сіздің жан жағыңызда алып жарлар мен гранитті қойтастар қаумалайды. Қылқан жапырақты ағаштар тыныштықта сіздің қадамыңызды  санап тұрғандай. Бір  кезде ағаштар сізге жол ашады, сіз жардың басында қалғандайсыз. Дәл аяғыңыздың астында қара су айдыны тұрды. Жаңа ғана қаумалап келе жатқан алып қарағайлар көлдің қабырғасы болып кейінге шегінген сипат береді. Міне, қалай көл сырт сөзден жасырынып түр. Ешқандай жел де, дыбыс та жоқ. Судан сізге біреу қарап тұрғандай әсер береді...
Осы мистикалық орын түрі аңыздардың шығуына түрткі болды.

Жоңғарлар шабуылы туралы аңыз

Жоңғарлармен соғыс кезінде күштері тең болмайды да, жоңғарлар жеңіске жететіндей жағдай туындайды. Сол кезде қазақ жігіттері өз құдайларынан көмек сұрайды, тәңірлері оларды қазақтардың елді мекендерін нық қорғайтын  тас мүсіндерге айналдырып тастайды.  Ал көлді сумен толтырған осы жігіттердің аналарының көз жастары. 

Сұлушаш, Алтай және Қайсар өлімі

Баяғыда Сұлушаш деген байдың қызы болыпты. Оның есігінде жүрген Тезек деген құлы, Шұнақ деген күңімен қосылып, одан Алтай туады. Ол ер жетіп, Сұлушаш екеуі бір-бірін сүйеді. Бірақ бай қарсы болады.Алтайдың Қайсар деген досы, Сұлушаш үшеуі елден қашады.
Олар Қарқаралының маңайындағы Жиренсақал деген жерді мекендеп, тұрып жатады. Сол жерде аң аулап, құс ұстап күндерін көреді. Бір күні Алтай құс аулап жүріп құзға кездеседі. Сол құзға бүркіт ұя салған екен, Алтай одан бүркіттің балапанын алмақшы болады. Бірақ жолы болмай шыңырауға құлайды. Ал Сұлушаш Тескен таста сырнай тартып отырады. Біраздан соң артынан ырылдаған дауыс естіледі, қараса артында арыстан тұр екен (бұрынғы кезде Сарыарқа төсіндк арыстандар мен жолбарыстар өмір сүрген). Содан қорыққаннан көлге құлап өледі. Қайсар Сұлушашты іздеп осы жерге келсе, көлдің бетінде қыздың көйлегі, тақиясы жүзіп жүреді. Ол да сол көлге құлап өледі. Содан кейін бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты деседі.
 


Дереккөзі : http://kazakhstan.travel/
 
нравится:    4567
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Айгерим2016-04-05 17:54:14
    Спасибо большое
  • Динара2016-06-21 15:56:46
    Керемет