15 Декабрь
10:41
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Кербез
11 наурыз 09:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әтір мен иіссу айырмашылығы

Сөздік қорымыздағы әтір мен иіссу сөзін кейде синоним ретінде қолдана береміз. Алайда екеуінің айырмашылығы жетіп артылады. Әтір (духи) бағасы қымбат тұрады, ал иіссу (туалетная вода) мейлінше арзанырақ, қолжетімді бағада. Оның өзіндік себептері де бар.

Әтірдің дайындалу жолы қиын да күрделі. Құрамы да көп таптырмайтын материалдардан тұрады. Ал иіссу жайы олай емес.


Парфюмериялық құрылымы (бальзам, эфир майы, басқа да құрауыштар):

- әтірде 15-30%;

- иіссуда небары 4–12%.

Спирт мөлшері әтірде 96%, иіссуда 85%.


Парфюмериялық құрауыштар мөлшеріне байланысты әтірдің иісі ұзақ сақталады да, иіссудың хош иісі аз уақытта ыдырап кетеді.

Олардың тіпті сыртқы көрінісі де жер мен көктей болады. Сәйкесінше әтір құтысы ең таңдамалы, тартымды етіп жасалса, иіссу ыдысы қарабайыр түрге ие.

massaget.kz
нравится:    1340
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии