18 Декабрь
11:18
Астана: -20 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
26 мамыр 14:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Атырауда 6 жыл бұрын "қайтыс болған" әйел сот арқылы "қайта тірілді"


Атырау қалалық соты ерекше азаматтық істі қарастырды.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Атырау облысындағы елді мекендердің бірінің тұрғыны Е.Приданова туыстарымен ұзақ уақыт бойы араласпаған. Тұрмыстық зорлыққа ұшыраған әйелдердің дағдарыс орталығына түскеніне бірнеше жыл болған ол 2010 жылдан бері өлген адам ретінде есепте тұрғанын енді білді.
Е.Приданова сотқа өз құқықтарын қалпына келтіру, қайтыс болу туралы акті жазбасын жою мақсатымен шағымданды.
Сот алты жыл бұрын жедел-іздестіру жұмыстарын өткізу кезінде әйелдің туыстары фотосуреттердегі мәйітті Е.Приданова деп танығаны, кейінірек туысқандарының бірі оның қайтыс болуы туралы куәлігін алғанын анықтады. Алайда сот отырысы залында әйелдің барлық туыстары өтініш берушіні апасы және тәтесі ретінде таныды.
Сот жиналған барлық айғақтарды есепке ала отырып, Е.Приданованың оның өлімі туралы акті жазбасын жою туралы талабын қанағаттандырды.
Сот үкімі заңды күшіне енді. 
 
нравится:    825
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии