26 Февраль
03:38
Астана: -17 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 319.65
EUR/KZT: 393.33
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.47
Әлем жаңалықтары
13 ақпан 17:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Атырауда перзентхана алдында түсірілген видео Желіде қызу талқылануда



Желіде Атырауда дүние есігін жаңадан ашқан сәбиді перзентханадан шығарып алған сәті бейнеленген видео жарияланды.

Өмірге келген сәбидің қуанышын тойлаған мұндай видеолар Желіде көптеп саналғанымен, біз әңгіме етіп отырған видео осы тақырыпта жарияланған басқа видеоларды шаңына да ілестірмейді десек, қателеспеспіз.

Видеодан той иелерінің жақсылап дайындалғанын анық байқауға болады: трактордың жүк көтеретін шөмішіне орналасып жанды дауыста ән шырқап тұрған әнші, оның жанында қатар тұрған ақ түсті 3 лимузин, арнайы жайылған дастарханда толып тұрған жеміс-жидектер мен сусындар, тірі қуыршақтар, отшашулар, ұлттық киім киген арулар және т.б.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланған сәттен бастап, оны тамашалап үлгерген жандардың пікірі қақ жарылды. Бір тарап қуанышқа ортақ болып, той иелерін құттықтап жатса, екінші тарап мұндай аста-төк той жасау еш қисынға келмейтінін айтып, той иелерін сынауда. Олардың ішінде, «КЕЙІНГІ КЕЗДЕ ЖАСТАРЫМЫЗ ДАҢҒОЙ ДАҢҒАЗАЛЫҚҚА , БОСҚА МАЛ ШАШПАҚҚА ҮЙІР БОЛЫП БАРА МА», «Жыртыл қазақ, жыртыл деген осы ғой», «Казакда бəрі болады,оған таң калмаңыз!», «Өте мақтангершілік менімше өткенде біреуі салған еді енді екіншісі шығыпты ғой аман есен брсанғанына шүкіршілік жасау керек емес пе шашылу емес», «Баршылықғой шіркін акша не істетпиді» деген пікірлер өте көп кездеседі (ред. - орфографиясы сақталды).
 
Десек те, «АТЫРАУ бастады енди бариде суйтеди!» деген пікір бізді қатты ойландырды.

Сіз не дейсіз?
 







Айдар ЖАНАЙ
нравится:    1014
Теги: Главная, Әлеуметтік желі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии