22 Август
22:50
Астана: 21 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
10 тамыз 10:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Атыраулық «қария-бала» Нұржан Өркешбаевтың тойына Андрей Малахов сыйлық жасамақ
7 тамыз күні Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылында «қария-бала» Нұржан Өркешбаевтың үйлену тойы өтті, деп хабарлайды «Ақ Жайық». Кешкі сағат 9-дан кете басталған той басында Нұржанның әжесін бір минут үнсіз еске алды. Бұл Нұржанның өтініші еді. Себебі, әжесі Нұржанға ең жақын адам болатын, ол сол кісінің қолында өсіп тәрбиеленген.


Тойды төрт асаба кезектесіп басқарды. Төртеуінің де тәжірибелері бар, әзілден де, өнерден де кенде емес. Олардың біреуі Ақтөбеден келген, қалғандары Атырауға белгілі өнерлі азаматтар. Олардың бәрі де Нұржанның өмірдегі, той-бизнесіндегі достары. Сол достары, олардың ішінде музыканттар да бар, тойда тегін қызмет атқарды, сыйлықтарымен де келді.

Тойға 300-ге жуық адам келді. Арнайы шақырылған ресейлік «Пусть говорят» ток-шоуының жүргізушісі Андрей Малахов (Нұржан төрт жыл бұрын оның қонағы болған)  шетелде демалыста болғандықтан тойға келе алмады. Бірақ өзінің продюсері арқылы сәлемін жолдап, сыйлығын салып жіберетініне уәде беріпті.

Қонақтардың назары аққудай иілген ақ келін Әсемгүлде болды. Әсемгүл Нұржанның құрдасы екен, ол да 24 жаста, Құлсарыдан, мамандығы есепші. Ал Нұржан музыкант, тойларда ән айтады. Бірақ өз тойында күйеу жігіттің орны төр болды.

Тойдан кейін Нұржан Әсемгүлмен қалай танысқандарын қысқаша айтып берді. Олар Атырауда танысыпты, көшеде қарсы келе жатып, бір-бірімен түйісіп қалған. Екеуі бір жыл дос болып жүрген, ал әрі қарай бәрі махаббат хикаясына ұласқан. Міне, осылайша жаңа отбасы құрылды.


Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылының тұрғыны Нұржан Өркешбаев бала кезден прогерия (терінің ерте қартаюы) сырқатына шалдыққан. 2011 жылдың желтоқсанында «Ниссамед» емханасында оған 2 кезеңді кешенді косметологиялық операция жасалды. Содан кейін ол едәуір «жасарып» қалды. Сол кезде дәрігерлер сыртқы қартаюдан өзге Нұржанның ағзасында ешқандай қайтымсыз процесс жүріп жатпағандығына сендірген болатын. 
нравится:    4906
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • марзия2015-08-12 09:45:51
    Кутты болсын ак келин