20 Октябрь
03:51
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Мәдениет
18 қазан 11:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Атышулы "Тоқал" фильмі прокатқа шығатын күн белгілі болды


 
Алғашқы промо-трейлері жарыққа шыққан сәттен бастап қоғамда түрлі дау-дамайларды тудыруға себепші болған "Тоқал" ("The Other Wife") көркем фильмі 2016 жылғы 8 желтоқсанда прокатқа шығатыны белгілі болды.

Отбасылық құндылықтар мен ұрпақтар арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін әлеуметтік драманың түсірілім жұмыстары 2015 жылы Алматы және Лос-Анджелес қалаларында өткен болатын.

Фильмнің продюсері әрі басты рөлдердің бірін самдаушы Гаухар Нұртастың айтуынша, бұл фильмде көтерілген әлеуметтік проблема соңғы жылдары тек Қазақстан ғана емес, әлемнің көптеген елдері үшін өзекті болып табылады.

Фильмде басты рөлдерді Жанель Мақажан, Ерік Жолжақсынов және Тұңғышбай Жаманқұлов секілді өнер майталмандары сомдайды. Фильм идеясы Гауһар Нұртас пен медиа саласындағы белгілі бизнесмен Арманжан Байтасовқа тиесілі. Сценарий авторы және режиссер - Евгений Чельцов (Ресей).













Айдар Жанай
нравится:    1167
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии