24 Сентябрь
11:06
Астана: 1 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Туризм
17 мамыр 10:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әуежайдағы қызмет бағасын реттеуден бас тарту әуебилеттерін қымбаттатуы мүмкін


Qazaq Air және Air Astana әуекомпанияларының пікірінше, қазақстандық әуежайлардағы қызмет бағасын реттеуді кері шегерудің нәтижесінде әуетасымалдау мен билет бағасы қымбаттап кетеді. Бұл туралы Qazaq Air баспасөз қызметі хабарлайды. 

Компания өкілінің сөзінше, әуежайдағы монопольді қызметтегі 100-ден аса тариф түрлері табиғи монополияларды реттеу комитеті тарапынан бақыланбайды. Нәтижесінде әуекомпаниялар авиациялық отыннан кейінгі екінші ірі шығын түрі болатын әуежай тарифтерінің бағасын көтеруге мәжбүр. Ал шетелдік тәжірибе бойынша, әуежай тарифтері қоғамдық түрде талқыланып, мемлекет тарапынан реттеліп отырады.

Монопоияға қарсы ведомствоның басшысы Серік Жұманғариннің мәлімдеуінше, Алматы, Астана және Тараз Қазақстандағы ең табысты әуежайлар ретінде есептеледі және 2014 жылы тиісінше 7,3 млрд теңге, 616 млн теңге және 210,1 млн теңге ретінде табыс тапқан. Мемлекеттік реттеудің кері шегерілуі әуежайларға қосымша пайда түсіруге мүмкіндік береді.

Компаниялардың атап өтуінше, тарифтердің көтерілуі тасымалдау көлемі төмен жергілікті әуежайларға операциялық шығындарын ақтауға мүмкіндік бермейді. Керісінше, ол әуе рейстері жабылуы мүмкін. Географиялық орнына және нарық мүмкіндіктері шектеулі екендігініе байланысты жергілікті әуежайлар халықаралық рейстерге қызмет көрсете алмайды. Олардың көпшілігіне Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Қарағандыдағы табысты әуежайлар қызмет көрсетеді.

“Сондықтан бағаны реттеуден бас тартқан жағдайда Алматы мен Астанадағы табысты әуежайлар ғана ұтысқа ие болады”, – деп атап өтілген әуекомпаниялардың бірлескен баспасөз релизінде.

Әуежай қызметтерінің тарифтерін реттеп отырудан бас тарту туралы ұсыныс өткен аптада мәжіліс отырысында хабарланған еді. Заң жобасы телескопиялық басқыш, әуе көлігінің ұшып-қонуы және жолаушыларға қызмет көрсету тәрізді қызмет түрлерін қамтуы мүмкін.

Дереккөзі: http://7kun.kz/
нравится:    690
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии