22 Август
22:47
Астана: 21 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
4 қараша 11:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ауған қызының қызықты тағдыры (ФОТО)

 
Өмірде таңғажайып оқиғалар болып тұрады. Бірінші суреттегі жанары өткір жасөспірім қыздың тағдыры соған дәлел. Бұл суреттегі кейіпкер ауған қызы Шарбат Гула (аудармасы «гүлді шербет»).
 
Оны фотограф Стив Маккарри 1985 жылы Ауған соғысы кезінде түсірген. Гула ол кезде Пәкістан аумағындағы босқындар лагерінде болған.  Аталмыш сурет сол жылы National Geographic журналының мұқабасында «Ауған қызы» деген атаумен жарияланғаннан кейін дүниежүзін шарлап кетеді. Бұл фотосуретті кейде әйгілі Мона Лизаның портретімен салыстырып, «Ауғандық Мона Лиза» деп те атайды.
 


Ауған қызы Шарбат Гула пуштун отбасында дүниеге келген. 1980 жылдардың басында оның ауылын әскери тікұшақтар атқылайды.  Ата-анасы сол кезде қаза тауып, бауырларымен, әжесімен бірге Пәкістан шекарасындағы Насир-Баг босқындар лагеріне бас сауғалайды. 1980 жылдардың соңында наубайшы Рахмат Гулаға тұрмысқа шығып, 1992 жылы Ауғанстанға оралады. Қазір Гуланың Робина, Захида, Алия есімді үш қызы бар. Гула өзі алмаған білімді қыздары алады деген үмітте.
 
Стив Маккарри мен Дебра Денкер Ауғанстанға келіп, одан босқындар лагеріне жетеді.  Маккарри босқындар мәселесін, әсіресе әйелдердің жай-күйін көрсетуге ниетті еді. Бір күні таңғысын Насир-Баг лагерін аралап жүрген Маккарри бастауыш мектеп ретінде пайдаланылатын шатырды көреді. Оқытушыға келіп, оқушыларды суретке түсіруге рұқсат сұрайды. Оқытушы рұқсатын береді. Өткір көк көзді Гула Маккарридің назарын бірден аударады. Ол оны Nikon FM2 фотоаппарының көмегімен суретке түсіріп алады. Бірақ қыздың аты-жөнін сұрамаған. Ал Гуланың жасы ол кезде он екілерде болған.
 
Фотограф Вашингтонға оралғаннан кейін өзі түсірген суреттің бірегей екенін байқайды. Әрі оған әдетте паранжамен жабық жүретін ауған қызының ашық жүзін түсіру мүмкіндігі бұйырған болатын.
 
Қыздың кім екені 17 жыл бойы беймәлім болады. Шарбат Гула 2002 жылы ғана табылады. Маккарри: «Соңғы он жылда осы қызға қатысты хат алмаған күнім болған жоқ шығар. Біреулер оған ақша жібергісі келді, біреулер асырап алғысы келді, тіпті тұрмысқа алғысы келген азаматтар да болды»-деп жазады. 1990 жылдары бірқатар журналистер қыздың аты-жөнін анықтауға талпынып көргенімен, таба алмайды.
 
2002 жылдың қаңтарында Стив Маккарри бастаған  National Geographic командасы қызды табу үшін Ауғанстанға барады. Маккарри лагерге сұрау салады. Ақыры Гуланың ағасын танитын адамды табады. Ал бұған дейін бірнеше әйел қателесіп, өздерін «Ауған қызы» деп жариялаған.
 
National Geographic командасы Гуланы тапқан кезде оның жасы отыздарда болған. Гула өзінің жасын толық білмеген. Маккари оны бірден таниды. Кейін биометрия көмегімен оның тұлғасының суреттегі бейнемен сай келетінін дәлелдейді. Гула болса өзінің әйгілі болып кеткен портретін 2003 жылы ғана көреді. Өзінің осыншалықты танымал болып кеткенін ол білмеген де.
 


Маккарри Гуланы Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы ауданнан табады. Бірақ Гула мен оның жолдасының өтініші бойынша нақты мекенжайын жария етпейді.
 
Маккари Гуланы екінші рет осы 2002 жылы түсіреді. Гула паранжасын шешу үшін ерінен рұқсат алып, өзі туралы мақала жариялауға рұқсат береді. Ол сондай-ақ «Ауған қызын іздегенде» деп аталатын фильмге түседі.
 


Ал 2016 жылдың 26-қазанында Пәкістан полициясының Гуланы жеке құжаттарын қолдан жасау фактісі бойынша қамауға алғаны жария болады. Бірақ Гуланың өзі Пәкістанда тұру үшін заңсыз құжат жасамағанын айтып, өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Қазір ол қамауда отыр. 14 жылға бас бостандығынан айырылуы және бес мың доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
 
 Дереккөз: Википедиядан аударылды
нравится:    1175
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии