17 Август
19:39
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
31 тамыз 15:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ауруы асқынған Селена Гомес сахнаға шықпайтын болды

Танымал әнші Селена Гомес  асқынған ауруының кесірінен гастрольдік сапарын орта жолдан аяқтайтын болды.

Бұл туралы dni.ru хабарлаған.

Қызыл жегі ауруына шалдыққан Гоместің денсаулық жағдайы мәз емес. Әнші осы жылдың соңына дейін бүкіл Еуропа мен Оңтүстік Американы “жаулап алуды” көздеген еді.

Айта кетейік, 24 жастағы әнші бұл дерті туралы осыдан екі жыл бұрын хабардар болған. Алайда тынбай жұмыс істеген Селена ақырында дертін асқындырып алды.

«Абыржу, күйзеліске ұшырау, қатты уаймдау – қызыл жегіні одан сайын асқындыра түсетінін білдім. Мен денсаулығымды сақтап, белсенді өмірімді әрі қарай жалғастыру үшін үзіліс жариялауды жөн көрдім», – деді Гомес The Guardian-ға берген сұхбатында.

Қызыл жегі ауруына шалдыққан адамның иммундық жүйесі өзінің тіндерінде антителаны құрайды. Бұл терінің, бұлшықеттер мен буындардың, жүрек қан-тамырларының, жүйке жүйесінің және басқа да ағзалардың зақымдануына әкеліп соғады.

Гомес 2014 жылы дәл осы ауруынан хабардар блғандықтан, әншілік кәсібінде үзіліс жариялаған болатын. «Инсульт алуға шақ қалдым», – деп айтқан еді әнші.
нравится:    1162
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии