|    |  
12 желтоқсан 2018
08:02
қаз
Ауырсынуды басатын дәрілер
09 наурыз, 10:35 439



Егер тұла бойыңыздан ауру сезінсеңіз – ол денсаулығыңыздың сыр бере бастағандығын білдіретін дабыл жүйесі. Біреулерде ол тұрақты түрде білінсе, біреулерде жылдар бойы жалғасып келе жатқан болуы мүмкін.

Ауру қандай болады?

Дәрігерлер ауруды екі түрге бөледі: өткір және созылмалы.

Өткір ауру – ұзақ уақыт болмауы мүмкін, бірақ күтпеген жерден пайда болса, оның себебін анықтау да қиын емес (мысалы отқа күйген, сүйек сынған жағдайларда).

Созылмалы ауру – ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан (тіпті айлар, жылдар бойы) ревматизм, остеоартрит немесе түрлі онкологиялық аурулар болуы мүмкін.

Ауырсынуды басатын дәрілер ауруды ғана емес, ауру белгілерін де жойып жіберуі мүмкін. Сондықтан дәріні қабылдар алдында дәрігеріңізбен кеңесіп алғаныңыз жөн.

Ауырсынуды басатын дәрілер қалай әсер етеді?

Оны төмендегі нұсқаулықтан оқуға болады:
  • Дененің зақымдалған бөлігіндегі нерв жүйелері ауырсынуды миға жібереді.
  • Дәл осы арада мидың бөліктерін тітіркендіріп, жағымсыз әсер сыйлайтын арнайы заттар бөліне бастайды.
  • Сондай-ақ, жүйке жүйесінің зақымдануы әсерінен бұлшық ет азайып - спазм пайда болуы мүмкін.

Ауырсынуды басатын дәрілер қай сұрыптан болғанына қарамастан, бірнеше дәрежеде әсер етеді:
  • Ауырсыну синдромын жеңілдететін орталық жүйке жүйесіне зақым келтіруді тоқтатады;
  • Жүйке жүйесін тітіркендіретін заттардың көбеюін доғартады;
  • Тегіс бұлшықеттердің спазмын босатады;

Ауырсынуды басатын дәрілердің қандай түрлері бар?

Барлық ауырсынуды басатын дәрілер екі топқа бөлінеді:

Наркотикалық анальгетиктер. Олар негізінен миға тікелей әсер етіп, қысым жасайды. Көп жағдайда олардың әрекеті эйфориямен бірге жүреді, седативтік және гипнозды әсерге ие. Себебі бұл тәуелділікті тудыруы мүмкін, сондықтан дәрі-дәрмектердің бұл тобын дәрігерлер тағайындайды және қатаң рецепт бойынша шығарады.

Наркотикалық емес анальгетиктер. Орталық жүйке жүйесіне әсер етпейтін, тәуелділік тудырмайтын дәрілік заттардың тобы. Бұл топқа жататын дәрілер тек қана ауырсынуды басып қана қоймай, сондай-ақ антипиротикалық және қабынуға қарсы да жақсы әсер етеді. Оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
  • Қабынуға қарсы препараттар: ауыру синдромын жеңілдету, қызба және ауырсыну процестерін тежеу. Көбінесе суық тию, тіс ауруы немесе дәнекер тінінің ауруларында қолданады. Оған жататын дәрілер: Нурофен, Аспирин, Кетанов
  • Спазмолитика - тегіс бұлшықет спазмын босатады. Оған Дротаверин мен Но-Шпа жатады.
  • Аралас препараттар - бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейтін дәрі-дәрмектің бірнеше тобын қамтиды (спазмды босату үшін, дене температурасы мен қысымын түсіруде қолдануға боолады). Оған Пенталгин, Каффетин, Триган дәрілерін жатқызамыз.

Қолданар алдында аса мұқият болу керек ауырсынуды басатын дәрі түрлері

Анальгин 

Белсенді зат - метамизол натриясы болып табылатын ескіден келе жатқан дәрі. Бүгінгі таңда бұл дәріні қолданар алдында аса мұқияттылық таныту керек, өйткені бауыр, бүйрек үшін көптеген жанама әсерлерін тудырады, антигипертензиялық әсерге және ауыр аллергиялық реакцияларға ие. Аналгин тудыратын басты қауіп - бұл агранулоцитоздың дамуы. Бұл сүйек кемігінің гемопоэтикалық функциясын азайтады, яғни өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Айта кету керек, Батыста бұл дәріні қолдануға тыйым салынған.

Коксиб

Асқазанның шырышты қабатына айтарлықтай аз әсер ететін, ауырсынуды басатын дәрілер қатарына жатады. Дәрілердің бұл тобы асқазан-ішек ауруы бар адамдарға жарамды. Олардың жақсы анальгезиялық қасиеттері бар және ол ұзақ уақыт бойы ауырсыну синдромын тоқтату үшін қолданылады, мысалы, ревматикалық зақымдану кезінде. Сондай-ақ бауыр, бүйрек ауруы, қанның бұзылуы, асқазан жарасы немесе ішек ұлпасының өткір кезеңінде, және 18-ге толмаған балаларға бұл дәріні қолдануға болмайды.

Қатаң түрде дәрігердің нұсқауымен беріледі. Төмендегі маркалармен шығарылады:
  • Целекоксиб
  • Этирококсиб (АҚШ-та тыйым салынған, ал Германияда 16+)
  • Парекоксиб (АҚШ пен Швецарияда тыйым салынған)
  • Рофекоксиб

Нимесулид

ТМД нарығында жалпы қолданылатын анестетикалық препарат. Оның улы қасиеттері жайлы түрлі деректер бар. Сондықтан өз бетіңізбен қолданудан сақ болып, мүмкіндігінше пайдаланбауға шақырамыз.

Ауру ол денсаулықтың сыр бергенін білдіретін белгі екендігін ұмытпаңыз, сондықтан оның ауырсынуын басу тек уақытша әрекет. Өз бетіңізбен дәрі қолданудан аулақ болып, дер кезінде дәрігерге қаралып, денсаулығыңызға мұқият қараңыз. 


Дереккөзі: zozhnik.ru


Жаңалықтар