17 Декабрь
23:46
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
19 ақпан 16:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Австралия жерін арам шөп басып кетті (видео)
Австралия жерін қаптаған арам шөп кесірінен жұрт үйден шығудан қалды (видео)

Жергілікті халық оны «жалбыр шашты арам шөп» деп атап кеткен. Австралия жеріндегі шектен тыс құрғақ климат салдарынан тұрған күшті жел оның тұқымдарын жер-дүниеге шашыратады. Осыған байланысты зиянды өсімдік тез таралып, үйлердің ауласын қаптап кеткен. Қазір үйлердің табалдырығына жеткен арам шөптен көз байланып, жол көрінбей, жұрт сыртқа шыға алмайтын халге жеткен, деп хабарлайды Herald Sun. Енді «жалбыр шашты» ғимараттардың бірінші қабатына ене бастаған. Жұрттың айтуынша, олар үшін мұнан асқан зор апат жоқ екен. Табиғаттың тосынсыйынан қиналған халық оны шауып, жинау үшін күніне бірнеше сағат уақытын жұмсайтын болған. Бұл арам шөп түрінің ғылыми атауы - Panicum effusum. Өсімдіктің таралуы да, өсуі де тез. Ал мұны көп жеп қойған мал болса, оның уынан өліп кетуі мүмкін. Бірақ адам өмірі үшін оның уы қауіпті емес.  Ең қиыны, қаптаған арам шөптен көшелердің түрі қашып, жалпы қаланың астаң-кестеңі шыққан



Дереккөзі: islam.kz



 
нравится:    1183
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии