13 Декабрь
05:29
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
9 маусым 12:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Австралияда әйелін өлтірген қазақстандық ғалымды психиатриялық емханаға жатқызды
Автралиядағы қазақстандық ғалым Серік Елібай әйелі Айнұр Исмағұлды өлтірді деп айыпталып, психиатриялық емханаға жатқызылды.

«Генетикалық модификацияланған ауылшаруашылық мәдениеті саласын зерттейтін халықаралық деңгейдегі сарапшы өз әйелін өлтірді деп айыпталып, James Nash House писхиатриялық емханасына жатқызылды. 53 жастағы Серік Елібай Аделаида магистрлік сотына бейнебайланыс арқылы емханадан орыс тілді аудармашының көмегімен жауап беріп отырды», — деп жазды австралиялық The Advertiser газеті.



Басылым ақпаратына сәйкес, айып тағушы тарап қорғаушы тарапқа кей маңызды құжаттарды өткізген.

«Прокурорлар сотта қорғаушы тарапқа «маңызды құжаттар», оның ішінде Елібай жауабының жазбаша нұсқасы мен полиция есебін өткізді», — деп жазды басылым.

Осы айда өтетін келесі отырыстардың бірінде Елібай айыптарға жауап қайтарады.

James Nash House — Австралияның оңтүстігіндегі психиатриялық емхана. Онда қылмыс жасаған науқастар жатқызылып, сотқа дейін психиатриялық сараптамадан өтетіндер жіберіледі.

Белгілі болғандай, 16 ақпанда полиция Айнұр Исмағұлдың мәйітін Клемзигтегі үйінде тапқан. Қылмысқа күдікті ретінде оның күйеуі Серік Елібай қамауға алынды.

Айнұр Исмағұл — ҚазССР министрлер кеңесі кезіндегі ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бірінші басшысы Жұмағали Исмағұловтың қызы. Ол күйеуімен бірге Австралиялық өсімдіктердің функционалды геномикасы орталығында Еррбро қаласында 2006 жылдан бері жұмыс істеп келген.

Исмағұл мен Елібай ғылыми ортада генетика және ауыл шаруашылығы саласында өз жұмыстарымен танымал болған. Австралияға көшпей жатып, көптеген елдерде жұмыс атқарған.

Серік Елібайдың ісіне қатысты сот үдерісі 2015 жылдың сәуірінде басталды.

Дереккөзі: nur.kz
нравится:    1071
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии