15 Декабрь
10:38
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
15 маусым 18:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Австралияда донор 2 млн-нан астам сәбиді ажалдан құтқарған
Австралияда донор 2 млн-нан астам сәбиді ажалдан құтқарған


Австралиялық Джеймс Харрисон атты қартты жұрты «алтын қолды адам» деп атайды. Себебі жасы сексенге таяп қалған қария осы кезге дейін қолынан 1 мың литрден астам донорлық қан тапсырған, деп жазады islam.kz.
 Ресми деректерге сәйкес, Джеймс 60 жыл бойы 2 млн-нан астам баланың өмірін құтқарып қалуға себепші болған. Дәрігерлер бұл ер адамның қанында жаңа туылғандарды резус-конфликт немесе гемолитикалы аурудан құтқарып қалатын антиденелері бар өте сирек кездесетін қанның иесі екендігін айтты.
Жалпы Джеймстің осынша рет донор болуының өз тарихы бар. Ол он төрт жасында ота жасатып, бір өкпесін толықтай алдыртып тастайды. Сол сәтте оның өмірін арашалап қалу үшін 30 литр қан керек болып, ол белгісіз донорлардан құйылады.
«Жүкті әйелдің бойындағы антиденелер құрсақтағы шарананың қан жасушаларын жоюы салдарынан сол шарана туылған кезде пайда болатын гемолитикалы аурумен күресте тап осы Харрисонның қаны таптырмайтын құрал», — дейді ғалымдар.
 
ҚазАқпарат
нравится:    622
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии