Әлем жаңалықтары
3 мамыр 16:06
Австралияда сирек кездесетін күлгін түсті гауһар тас табылды

Австралиялық-британиялық Rio Tinto концернінің қызметкерлері сирек кездесетін күлгін түсті гауһар тас тапты.  Асыл тас Батыс Австралияда Аргайл шахтасынан табылды. Атап өту керек, әлемдегі барлық күлгін түсті гауһар тастардың 90%-ы сол жерде өндіріледі, деп хабарлады Life.ru.

Салмағы 2,83 каратты құрайтын «күлгін Аргайл» деп аталатын гауһар тас Argyle pink diamonds компаниясының жыл сайынғы саудасында негізгі зат болмақ. Сатып алушылар оның бір каратына бірден екі миллион долларға дейін ақша ұсынады деп болжанған.

​ ҚазАқпарат 
 

 

Комментарии




Яндекс.Метрика