|    |  
17 қараша 2018
09:28
қаз
Австралияда үй мысықтарына көшеге шығуға тыйым салынады
30 шілде, 17:05 984
 

Австралия үкіметі мысықтармен күресті жалғастыруда. Бұған дейін шенеуніктер, алдағы бес жыл ішінде екі миллионға жуық көшені кезіп жүрген мысықтардың көзін жоятынын жеткізген болатын. Енді олар үй жануарлары үшін коменданттық сағат енгізбек. Оларға қожайынсыз көшеде кезіп жүруге тыйым салынады, деп жазады The Sydney Morning Herald.

Австралиялық шенеуніктердің пікірінше, көшеде кезіп жүретін мысықтар жерілікті жануарлар әлеміне айтарлықтай қауіптіліктер туғызып отыр. Сондықтан да осындай қадамға барып отырғандарын жеткізді.

Австралия мен Жаңа Зеландияға үй мысықтары шамамен 200 жыл  бұрын әкелінген. Мысықтарды Жасыл континентке Еуропадан келген отарлаушылар алып келген. Бүгінгі уақытта шамамен әрбір екінші австралиялық отбасы мысық асырайды.

Дереккөзі:vesti.ru
Жаңалықтар