22 Сентябрь
08:42
Астана: 9 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Әлем жаңалықтары
27 маусым 16:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Австрияда 1945 жылы қаза болған қазақстандық сарбаздар қайта жерленді


Австрияны фашизмнен азат ету жолында 1945 жылы сәуірде қаза болған 38 кеңестік сарбаздардың мүрделері кеше елдің шығысындағы Оберварт қаласында қайта жерленді.
ТАСС-тың хабарлауынша, бауырластар бейіті Вельтенберг елді мекенінен табылған, одан 38 кеңестік сарбаздың мүрделері табылды. Мұрағаттық мәліметтер бойынша, олардың жартысына жуығы - ресейліктер, тағы 12-сі - Украинадан, қалғандары - Молдавия, Қазақстан және Беларусь тумалары.   
Ерлікпен қаза тапқан боздақтардың мүрдесі әскери құрметпен жер қойнына беріліп, оларға дұға бағышталды, бұдан кейін азат етуші-жауынгерлер мемориалына гүл шоқтары қойылды.
Кеңестік сарбаздарды қайта жерлеу тарихы өткен жылы басталған болатын. Олардың бауырластар бейіті жергілікті тұрғын Йоханне Шпёрктің арқасында Вельтенберг елді мекенінің маңынан табылды. Австриялық «Қара крест» мемориалдық қоғамының қызметкерлері сол кезде 92 жастағы әйелден хат алған болатын. Ол оның ата-аналарының үйлері бақшасынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жерленген 29 сарбаздың бейіті табылғаны айтылған болатын, ал оның өзі сол күндердің соңғы куәгері.
Шпёрктің айтуынша, 1954 жылға дейін Австрияда бұл жер ресми әскери қорым болып саналған. Кейіннен бейіт қараусыз қалып, оның орнына жеміс бақшасы орын тепкен. .
Ал өткен жылы «Қара крест» қызметкерлері бұл жерден адам сүйектерін тапқан.
Мемориалдық қоғамның қамқоршылар кеңесінің мүшесі және «Австрияны азат етуде қаза тапқан кеңес сарбаздарының «Еске алу кітабының" авторы Петер Сиксль ресей мұрағаттарынан 70 жыл бұрынғы оқиғаларды қуаттайтын құжаттарды тапты.
Оны қазуға рұқсат осы жылғы көктемде де ғана берілді, басқа да қиындықтарға байланысты созылып кетті. Қорымнан көптеген гранаттар табылды, оны әскери саперлер бірнеше рет зарарсыздандырды.
Сөйтіп, Шпёрк отбасы үйінің бақшасынан 29 емес, 38 кеңес жауынгерлерінің мүрдесі табылды. Мұрағат мәліметтеріне сәйкес олардың жартысына жуығы - Ресей тумасы, тағы 12-сі - Украинадан, қалғандары - Молдавия, Қазақстан және Беларусь тумалары болып шықты.
Қазір олардың барлығы да Австрияны азат еткен басқа да қызылармияшылармен бірге Оберварттағы кеңестік жауынгерлер бейітіне жерленді. 
 
 
 
нравится:    730
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии