Әлем жаңалықтары
28 тамыз 10:03
Австрияда 50 босқын жүк көлігінде тұншығып өлді
Австрияда 50-ге жуық босқынның мәйіті жатқан жүк көлігі табылды, бұл туралы Krone газеті. Жүк көлігі машинасын Asfinag жол полициясы қызметкерлері тапты. Құқық қорғау органдары көлік тұрақта ұзақ уақыт тұрып қалғаннен кейін оған назар аударған.



Құқық қорғау органдарының алдын-ала деректері бойынша, ауа жұтым тесігі жоқ жүк көлігінде жатқан келімсектер дем жетпей, тұншығып ажал құшқан.
Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алайда бұған ұқсас жағдай бұрын да тіркелген болатын. Австрияның шекарасында полиция 34 келімсекті тиеген  жүк көлігін тоқтатқаны белгілі.

Болжамды мәліметтерге қарағанда, жыл басынан бері Еуроодақ шекарасын 340 мың кірме кесіп өткен.
Сарапшылардың айтуынша, заңсыз мигранттарға қатысты дағдарыстың ушыққаны соншалық, бейбіт күндегі ахуал ІІ дүниежүзілік соғыс кезіндегі жағдаймен тең.

Дереккөзі: dni.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика