|    |  
19 қараша 2018
10:09
қаз
Австрияда әлемдегі алғашқы биткоин-банк ашылды
13 ақпан, 17:46 474



Аустрия астанасында әлемдегі алғашқы биткоин-банкін ашты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Басылымның жазуынша, банк клиенттері қолма-қол ақшаларын (тек еуро) биткоиндерге алмастырып, цифрлық валюта туралы ақпарат ала алады.Алғашқы биткоин-банкті жергілікті BitTrust блокчейн-стартапы жасап шыққан. BitTrust-тың басқарушы директоры Магдалена Исбраднт цифрлық валютаның артықшылықтарын «бұл валюта арқылы келіссөз жылдам әрі делдалсыз болады» деп түсіндірді.

Биткоиндерді алу үшін қолданушы криптовалюта жинақталатын виртуалды пошта секілді 27-34 символдан тұратын арнаулы мекен-жайы болу керек. Биткоин-мекенжай ешқайда тіркелмегендіктен, барлық ақша аударымдарының процесі анонимді болады.

Басылымның хабарлауынша, биткоин банкомат Венада осыдан 3 жыл бұрын ашылған. Ал қазір елде жиырмадан астам ұйым төлемді вирталды валютада қабылдайды.


Дереккөзі: http://7kun.kz
Жаңалықтар