17 Декабрь
08:28
Астана: -23 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
20 қаңтар 11:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Австрияда дәстүрлі кофе фестивалі өтті

Бойымызға сергектік дарытып, дәмі тіл үйіретін сусынды дайындаумен айналысатын білікті мамандар Венада бас қосып, қонақтарды саладағы жаңашылдықтармен таныстырды. Әлемде судан кейінгі ең танымал сусын – кофе. Дүниежүзі бойынша күніне 2 миллиардтан астам кесе кофе ішіледі екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл сусын бойыңызға сергектік дарытып, жұмысқа деген қабілетіңізді арттырады. Роб Варис, Еуропалық кофе қауымдастығының мүшесі: - Кофені жан-жақты зерттеу керек. Оны дайындау процесі өте қызық. Қазір адамдар кофе дәмін сезінуді үйренді. Бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған Эспрессоның бүгінде түрлі дәмдері мен дайындау әдістері бар. Қарапайым капучиноны алатын болсақ, білікті маман бар болғаны бір шыныдан 600-ден астам түрлі дәм сезеді екен. Кофе құрамындағы кофеин мидағы нейрондардың жұмысын ретке келтіріп, есте сақтау қабілеті мен еңбекке деген шапшаңдықты жақсартады. Сондықтан сала өкілдері дәмі тіл үйірер сусынды дайындау әдісіне ерекше назар аударады. Бруно Таварес, кофе тасымалымен айналысатын компания директоры: - Қазір адамдар кофені ішіп қана қоймай, сусынның шығу тарихына ерекше қызығушылық танытады. Егер де сіз жоғары дәрежелі кофеханаға қонақ болсаңыз, қажетті ақпараттың барлығына қол жеткізе аласыз. Меніңше, саланың дамуы осыдан байқалады. Кейбір азаматтар кофені «құдайлар сусыны» деп те атайды. Кофе фестиваліне қатысушылар сусынның ерекше дәміне жоғары баға беріп, алдағы уақытта сұраныстың артатындығын айтады.

Дереккөзі:24.kz
нравится:    549
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии