22 Август
01:37
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Экономика
9 қараша 09:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Австриялық кемпір өлер алдында 950 мың еуроны турап тастады
Жасы 85-ке келген австриялық кемпір өлер алдында өзінің барлық туыстарын мұрасынан қағып, оларға берілуге тиісті 950 мың еуро ақшасын қайшымен кесіп, турап тастады. Бұл туралы The Local хабарлады.

07-11-15-evro-1

Есімі аталмай отырған кейуана өткен аптада Төменгі Австрия жеріндегі қарттар үйінде жан тапсырған. Қиқаланып кесіліп тасталған ақша купюрлері оның төсегінің астынан табылған.

Прокурор Эрих Хабиц бұл болған оқиғада қылмыстың құрамы жоқ екенін мәлімдеді. Себебі, ақшаны оның өз иесі жойып жіберген. Заңгер сондай-ақ мемлкеттің бұл жағдайда, өкінішке орай, марқұмның артында қалған мұрагерлеріне ешқандай да көмек көрсете алмайтынын айтты.

Осы аралықта Австрияның ұлттық банкі бүлініп қалған купюрлерді алмастырып беруге дайын екенін жеткізді.

«Егер қарияның мұрагерлері жыртылып тасталған ақшалардың қиындыларын тауып, олардың шынында ақша екенін дәлелдеп бере алатын болса, сөз жоқ, жаңа құнды қағаздарға ауыстырылады», – деді банк төрағасы Фридрих Хаммершмидт.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    1109
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии