|    |  
14 қараша 2018
13:54
қаз
Автокөлікке қандай тазартқыштарды таңдаған дұрыс?
12 наурыз, 16:44 72
Бір жерлерде көктем, ал енді бір жерлерде еріген қарлар мен саз балшық.



Сондықтан жолда жайлылық пен қауіпсіздікті сезіну үшін, көліктің терезелері мүлтіксіз таза болуы керек. Осындайда әр автокөлігі бар азамат қандай шыны тазартқышты таңдасам екен деп ойланары сөзсіз. Қазір нарықта олардың түр-түрі бар, тек таңдай білу қажет.

Терезе тазартқыштардың түрлері:
-дуалды
-дуалсыз


Ал енді әрқайсысының артықшылықтары және кемшіліктеріне тоқтала кететін болсақ.

Дуалды терезе тазартқыштар



Олар дуалдан жасалған резеңке белдікті басатын рамадан тұрады.
 
Артықшылықтары:
-резеңкесін ауыстырып тұруға болады
-дуалсыз терезе тазартқыштарға қарағанда әлдеқайда арзан
 
Кемшіліктері:
-Жаңбырлы, саз балшықты сапардан соң өңі қашады, түнгі уақытта қатып қалуы мүмкін. Әрине оны ерітіп алуға болады, бірақ жарамдылығы төмендеп қалады.
-Түр келбеті аса тартымды емес
 
Дуалсыз терезе тазартқыштар:



Заманауи әрі тартымды тазартқыштың бір түрі.

Артықшылықтары:
-Қыстың қақаған күні де сапасы жоғалтпайды
-Қысқы мезгілде қолдануға таптырмас зат
- эргономикалық көрінісі жағымды
-Шөткесінің аласалылығына байланысты толық әрі жақыннан көрінеді
 
Кемшіліктері:
-Дуалды тазартқыштарға қарағанда қымбат тұрады
-Кез келген іске жарамды дей алмаймыз
-Басқа дүниелерге жабысып қалып, мазаны алуы мүмкін
 
Сондай ақ шөткелер тазалау қасиетінен басқа жылдамдығына қарай да таңдалады. Алайда ешқандай зат мәңгі кәдеге жарамайтынын ескеріп, 6-9 айдан соң ауыстырып тұрғаныңыз жөн.
Бағасы арзанына қарай жүгіріп, сапасыз тазартқышқа жолығып қалудан аулақ болғайсыз. Ол сіздің терезеңізді бүлдіріп, шығын әкелуі мүмкін.
Бастысы мұқият таңдалған тазартқышты тиянақты қолданғайсыз!
 

Дереккөз: http://arafanat.ru
Жаңалықтар