Кербез
11 қыркүйек 10:13
​Аяқ киімнен жағымсыз иісті кетірудің 5 тәсілі

 
1 тәсіл

Түнгі мезгілде әр бәтеңкеңізге ас қасық ас содасынан сеуіп қойыңыз. Таңертең қағып, иістің жойылғанына қуанатын боласыз.

2 тәсіл
Егер сіз аяғыңыздың жиі терлейтінін байқасаңыз, кешкісін әр бәтеңкеңізге 2 ас қасық тальк ұнтағын сеуіп қойыңыз. Таңертең дәл осы талькпен өзіңіздің табаныңызда да сүртіңіз, ал аяқ киімдегі талькты қағыңыз. Бірнеше күн ішінде оң өзгерісті байқайтын боласыз.

3 тәсіл
Асқынған жағдайларда дәріханадан «5 күн» деп аталатын арнайы ұнтақты сатып алыңыз. Оның құрамында бактерияға қарсы қоспалар бар және ол да аяқ киімге түнгі мезгілде себіледі. Ертеңгісін оны қағудың қажеті жоқ, ол әсте байқалмайды. Бұл құрал бес күн ішінде қатты жағымсыз иістердің жойылуына көмектеседі.

4 тәсіл
Етіктер мен күзгі бәтеңкелер үшін лаванда мен сәлбеннің кептірілген жапырақтарын пайдалануға да кеңес беріледі. Олар иісті жоятын және микробқа қарсы қабілетке ие, оларды аяқ киімнің ішіне салып, желдетпелі жерге қою керек (мәселен балконға).

5 тәсіл
Иіс және бактериямен лимонның, шай ағашының және аршаның эфир майлары жақсы күресе алады. Кішкене тамшыны аяқ киімнің табанына, ал бір-екі тамшыны ұйықтар алдында жуылған аяғыңызға тамызып қойыңыз.
Аяқ киімнің иісі бұдан кейін шықпас үшін, оған қолдан келгенше желдету қажет екенін ұмытпаңыз. Бір күн ішінде аяқ киімді ауыстыруға тырысыңыз, бір аяқ киімді күнде кимеңіз, ауыстырып тұрыңыз. Уақытында жуып, ұлтарағын ауыстырып тұрыңыз. Сондай-ақ антибактериалды ұлтарақтарды сатып алып, стандартты ұлтарақ үстіне қойсаңыз да болады.

Дереккөзі: adfave.xyz

Комментарии




Яндекс.Метрика