|    |  
12 желтоқсан 2018
10:19
қаз
Аяқтағы мүйізгек: құтылудың жолы қандай
14 қыркүйек, 10:04 96


Аяқтағы мүйізгек ұзақ уақыт бойы жүргеннен ғана емес, ыңғайсыз аяқ киім кигеннен де пайда болады. Мұнымен бетпе-бет келген кез келген адам тезірек құтылудың амалын іздейді. Ендеше не істеу қажет: суалған жараны тесу қажет пе, әлде оның өзі жоғалып кете ме?

Аяқтағы мүйізгектер – аяққа аяқ киімнің қысым түсіруінен пайда болатын дүние: терінің сыртқы қорғаныш қабаты астыңғы қабаттан ажырап, ал арасындағы бос қуыс сұйықтыққа толады. Бұл жердегі сұйықтық басқан кезде ашылып қалған жүйке тамырларына тиеді, нәтижесінде ауырсынулар сезіледі.

Ұсақ мүйізгектер пайда болған кезде, оларды жабыстырғыш көмегімен басуға болады: ол үйкелуді болдырмай, сезімтал теріні инфекциядан сақтайды. Ең жақсысы арнайы гидроколлоидты жабыстырғыш.

Анағұрлым ірі мүйізгектермен сарапшылар былайша күресуге кеңес береді: жүрісіңіз азапқа айналмас үшін, суалған сұйықтықты шығару қажет. Бұл үшін ақырын стерильді иненің көмегімен суалған бөлікті тесіп, сұйықтықты ағызып жіберу қажет. Жараның орнын дезинфекциялап, кептіріп, жабыстырғышпен жабыстыру керек. Ұйықтар алдында жабыстырғышты алып тастаған орынды.

Егер мүйізгек ұзақ уақыт бойы жазылмаса, ішіндегі сұйықтық сарғыш тартса, шұғыл дәрігерге көрінуге кеңес беріледі. Мұндай суалған жараны ешқашан инемен тесуге болмайды, өйткені зақымдану асқынуы әбден мүмкін.

Дереккөзі: ​orthodox.od.ua


Жаңалықтар