|    |  
11 желтоқсан 2018
23:08
қаз
Аяқтағы тамырлар көрініп, ыңғайсыздық тудырса
14 маусым, 10:06 79


Кейбір арулар көктамырлардың түйнеліп кеңеюі мәселесіне шалдығады. Оны қалай емдейміз? Дәстүрлі медицинаны қолданып, «варикозды» кетіруге бола ма? 

Сарымсақ 

Ақ сарымсақтың тазартылған тілімдерін ұсақтап кесіңіз. Оны сары маймен 1:2 қатынасында араластырыңыз. Дайын қоспаны тамырлары көрініп тұратын жерге жағып, жылы орамалмен орап тастап, ұйықтаңыз. Таңертең аяқты жақсылап жуып, жылы шұлық киіп алыңыз. 

Қызанақ 

2 жасыл қызанақты кесіп, тамырдың үстінен басып, бинтпен орап тастаңыз. Үш сағаттан соң бинтті шешіп, аяқты жылы суда 15 минуттай ұстау керек. 

Шөпті қоспа 

Құрғақ жусанды жылы, қыздырылған сүтпен араластырыңыз. Нәтижесінде паста тектес қоспа болуы керек. Оны аяққа жағып, бинт немесе жылы орамалмен ораңыз. 

Шөп сусыны 

Бұл ем ұзақ болғанымен, өте пайдалы әрі қауіпсіз. 5-7 ай бойы арнайы дайындалған сусынды ішіп жүруіңіз керек. 2 ас қасық ұнтақталған қалақайға су құйып, бір сағат жылы жерде қақпағын жауып, тұндырыңыз. Содан соң сусынды сүзіп, күніне үш рет ¼ стақаннан ішіп отырыңыз. Үш-бес апта бойы ішіп жүрген соң он-он төрт күн демалу керек. Содан соң қайтадан емді жалғастырған жөн. Сонымен қатар майлы, қуырылған тағамнан бас тарту керек. 

Құлмақ сусыны 

Құрғақ құлмақ түйініне бір стақан қайнаған су құйып, үш минут баяу отқа қойып, қайнатыңыз. Жылы жерде қақпағын жауып, тұндырыңыз. Бұл сусынды үш ай бойы күнде тамақтану алдында 20 минут бұрын ішу керек. 

Жұпар жаңғағы 

Бірнеше жұпар жаңғағын ұн тектес болғанынша ұсақтаңыз. Ол үшін кофетартқышты пайдалануға болады. 1 ас қасығына 1 стақан қайнаған су құйып, 5-10 минуттан соң 1 ас қасық балмен араластырыңыз. Тұнбаны бірнеше сағат жылы жерде ұстау керек. Бұл сусынды күніне 3 мезгіл, тамақтануға 20 минут қалғанда ¼ стақан көлемінде ішіп тұрыңыз.


Жаңалықтар