15 Август
00:19
Астана: 19 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 363.28
EUR/KZT: 414.25
RUB/KZT: 5.44
CNY/KZT: 52.79
Авто
23 қаңтар 11:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Аязда автокөлік бұзылмау үшін ескеретін ережелер
Автокөлік - адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналғалы қашан. Темір тұлпарды тізгіндеп жүргендердің барлығы үшін бүгінгі аяз оңай соқпай тұр. Сондықтан қыстың қақаған аязында қос аяғыңыз бір етікке тығылғанын қаламасаңыз келесі дүниелерді білгеніңіз абзал.



1. Аккумулятор мен электроника
Әлбетте, егер сіздің көлігіңіз күн ашықта дұрыс жұмыс жасамаса, көрешекті қыста көресіз. Сондықтан, күн жылыда ескі әрі жаман аккумуляторды ауыстырып алғаныңыз жөн. Ал жаңа аккумулятор тез тозбас үшін көлік электроникасын реттеуіңіз керек.
 
2. Май. Май фильтірі
Көлік майын ауыстырмаудың салдары өте ауыр. Ол сіздің көлігіңізді істен шағаруы мүмкін. Сондықтан қыстың алдында ауыстырып алғаныңыз абзал.
Ал, көлікке енді қожалық еткен жүргізушілер майды ғана ауыстырады. Негізі маймен қоса май фильтірінде тазалау немесе ауыстыру қажет.
 
3. Антифриз
Егер сіздің көлігіңіз қысқа жүз пайыз дайын болғанын қаласаңыз, сіз антифризіңізді ауыстыруыңыз керек. Бұл ең әуелі еуропадан келген көлектер үшін маңызыды. Себебі ұзақ жүрген антифриз өзінің құрамын өзгертіп, көлікке зардабын тигізуі мүн.
 
4.Бинзин мен су.
Негізі жанар жағай мен суды ауыстыру қашанда маңызды. Бірақ көлік жүргізушісі қыстың алдында көліктің багын тазалауды ұмытпау керек. Себебі ондағы су мен шаңның қиқымы көлікке зор зардабын тигізуі мүмкін.
 
5. Тежегіш жүеші
Бұл ең маңызды тексеру керек бөлік. Себебі қысқы жолдың мұз аралас әрі тайғанақ келетіні белгілі. Егер сізді тежегішіңіз сыр білдіре бастаса оны дереу ауыстырыңыз. Сыр білдірмесе бір тексерткеніңіз жөн. Сақтықта қорлық жоқ себебі.
 
Дереккөз: Reactor
нравится:    280
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии