18 Август
12:54
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Туризм
21 қыркүйек 16:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Айдаһар мекендейтін көл
Әулиеата өңірінде тылсымға толы орындар жетерлік. Солардың бірі – Көккөл көлі. Мұнда әлі күнге дейін сырын ашпаған жұмбақ жағдайлар көп. Әсіресе одан шығатын уіл-үннің сырын технология қарыштап дамыған шақта да ешкім аша алмай отыр. 



Осы аймақтың тұрғындары аталмыш көлге лажы болса жоламауға тырысады. Өйткені көлдің «адам жұтатын қасиеті» бар. Сол себептен де оны «Айдаһар» көлі деп те атайды. Тіпті, оған «түйе көлі» деп қосымша атау таңғандар да бар.



Түрлі аңызға құлақ түрсек, көлде жыланбасты, ұзын мойынды,бір өркешті түйеге ұқсас мақұлық мекендейді-міс. Сол мақұлық көл суына емдік қасиет дарытатын көрінеді. Осы маңда қой жаятын қойшылар талай мәрте адамдардың суға кеткенін көріпті. Тіпті кейде малдарын суғаруға келгенде екі-үш қойдың жоқ болып шығатын кездері де болыпты. Көл ерекше мөлдір, көкпеңбек болып тұнып жатады. Атауына да лайық. Көлдің тағы бір кереметі жыл жаңбырлы болса да, қуаңшылық болса да өзеннің деңгейі өзгермейді. Бір қалыпта тұрады. Кезінде ғалымдар зерттеп, қорқынышты ештеңе жоғын да айтыпты. Алайда жергілікті жұртшылық әлі де бұл көлдің ашылмаған қасиеті барына сенеді».


Ғалымдар Шотландиядағы Лох-Несс көліндегідей мұнда да ерте заманнан бері өмір сүріп келе жатқан жыртқыш жәндіктер болуы мүмкін деп есептейді. Көккөл Жамбыл облысындағы таулы аумақтағы Қарақыстақ алабында орналасқан. Ол еліміздегі жалпы заңдылықтан ауытқыған өзгешелігі көп өңірге жатады. Бұл суайдын ерекше аймақтар тізімінде тұр. Әсіресе түнгі уақытта мұнда түсініксіз гүрілдер – қорылға ұқсас, ыңырсығандай, сатыр-сұтыр дыбыстар шығады. Бірақ ол ненің дауысы екені әлі күнге дейін жұмбақ. Жергілікті тұрғындар мұнда ғылымға әлі күнге дейін белгісіз болып келген жұмбақ жаратылыс бар деп есептейді.



1976 жылдың жазында Оңтүстік Қазақстан геологиялық басқармасының геологы Б. А. Волчков осы көлді зерттеуді ұйғарады. Алғашқы күні-ақ, зерттеуші қызыққа тап болады. Таңертең жағалауда көлдің үстін бақылап отырады. Кенет жеті-сегіз метр қашықтағы су бетінде діріл пайда болады. Кейін оған ирек іздер қосылады. Пайда болған иректер арқылы су астында он бес метр шамасындағы алып жыланның дене қозғалысын көзбен бағдарлауға болатын.



Сонымен бірге су астындағы басы мен құйрығы қозғалыссыз тұрса да, мақұлық бір орында қимылдап тұрды. Жыландай ирелеңдеген толқындардан мұны анық байқауға болатын. Қанша уақыт өтсе де алып жылан ақыры көрінбейді. Шынымен де ғылым үшін беймәлім мақұлық осы көлде өмір сүргені ме деген сауал туындайды. 



Геолог көрген білгенінің бәрін газеттерге жариялайды. КСРО Ғылым Академиясының эволюциялық морфология және жануарлар экологиясы институтының ғылыми қызметкері С.К.Клумов көлді мұқият зерттеуге кеңес береді.
 
Интернет материалдары негіздерінде әзірленді
нравится:    1963
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии