17 Декабрь
15:57
Астана: -10 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
27 қазан 16:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Айдана Мәденова тұңғыш рет ана атанды
“Кешью” тобының  бұрынғы әншісі Айдана Меденова  алғаш рет ана атанды. Ол өзінің өміріндегі маңызды оқиғаны әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін жариялады.

Айдана Меденова ұзатылды

«Құрметтi менiң тыңдармандарым! Мен сiздермен өмiрiмнiң ең қуанышты сәтiмен бөлiскiм келедi! Ол әрине әрбiр қыз баланың
армандағанындай өмiрге сәби әкелу, Ана болу бақыты. Алланың қалауыменен бiздiң отбасымызға, жанұямызға кiшкентай бүлдiршiн, тұла бойы тұңғышымыз Әмина атты қызымыз дүниеге келдi!»,- деп жазды.

Әншінің сөзіне қарағанда  кішкентай Әминаның туғанына қырық күн толған көрінеді. Ол  өміріндегі маңызды оқиғаны көпшілікке  қазақтың ырым-тыйымына сүйеніп, «қол-аяғын бауырына алғаннан кейін» айтуды жөн санапты.  

Иә, қазақтың сүйкімді әншісінің бұл ісін тыңдармандары дұрыс түсінер. Ал біз өз кезегімізде, жаңа туған періште мен оның анасына денсаулық тілейміз!!!

Айдана Алишер

Еске салай кетейік, үстіміздегі жылдың наурыз айында әнші, дизайнер,  Айдана Меденова  "Индиго FM" тобының директоры Әлішер Нұржановқа ұзатылған болатын.

Дереккөзі: reactor.inform.kz
Авторы: Абай Айсара
 
нравится:    2198
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии