Мәдениет
7 мамыр 15:41
Айдана Меденова Кореяда жүлдеге ие болды
Әнші Айдана  Меденова Face of Asia 2018 фестиваліне қатысу үшін Оңтүстік Кореяға барған. Ол Корея халқын өнерімен тәнті етіп, жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы әншінің күйеуі әрі продюсері Әлішер Нұржанов Instagram парақшасында хабарлады.

«Менің әйелім – сұлу әрі дарынды, жалғыз әрі қайталанбайтын адам. Сені құттықтаймын», – деп жазды Әлішер Нұржанов.

 

Десе де әншінің қандай жүлде алғаны белгісіз.
 

Бұған дейін Меденова аталған өнер кешіне өзін арнайы шақырғанын айтқан еді.

Сондай-ақ, Меденова  Сеулде өзін модель ретінде көрсетіп,  «Азиада модельдерінің сыйлығы – 2018» жобасының қызыл кілемі мен фотоқабырғасын таныстырған.

Комментарии




Яндекс.Метрика