23 Август
02:55
Астана: 17 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Спорт
20 қараша 15:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

АЙДАР МАХМЕТ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

«Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махмет джиу-джитсудан өткен чемпионатта қола медальді иеленді.

Лос-Анджелесте өткен  жиу-джитсудан әлем чемпионаты 50 мемлекеттің екі мыңнан астам спортшыларын жинады. Жарысқа Қазақстан атынан үш спортшы барды. Олар Айдар Махмет, орта салмақта белдесетін Нұрлан Сермағамбетов, аса ауыр салмақтағы Дәурен Қабыкенов.  Чемпионатқа Қазақстан алғашқы рет барса да, жүлделі оралды. Атап айтсақ, Дәурен Қабыкенов күміс жүлдені, Айдар Махмет қола жүлдені иеленді. Айдардың сөзіне сенсек, күміс медальді алу үшін тым аз қалған, тек болашақ чемпионды ғана жеңу керек еді. Бірақ жалпы жарысқа көліңі толатындағын жеткізді. «Бұл аталған спорт түрінен Қазақстан үшін үлкен жетістік. Қазіргі күнде Қазақстан қандай жарысқа келмесін, жүлделі болатынына бәрі үйреніп қалған. Қазақстанда джиу-джитсу спорты өте жақсы дамып келеді, алтын алу да алыс мақсат емес»-деді Айдар Махмет.

Айта кетеу керек, Айдар Махмет кәсіби спортшы, Қ.Р. спорт шебері, 2002 жылы каратэден чемпион болған.


Дереккөзі:baistars.kz
нравится:    877
Теги: Біздің мақтанышымыз,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии