18 Ноябрь
14:12
Астана: 0 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
16 қыркүйек 13:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Айдар Тұрғанбек: Көбіміз әлі күнге "қатыннан" қашып, "әйелді" ардақтап жүрміз


"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек қазір қоғамда пікірталас тудырып жүрген "әйел" мен "қатын" сөздеріне қатысты пікірін білдірді. Ол бұл тақырып туралы ойын өзінің Instagram-дағы парақшасына жазған. 

"Қатын" сөзі дөрекі әрі басынғандық түрінде естіледі. Күйеуге шыққан қыздарды қазақта қатын дейді. Бірақ көбіміз бұл сөзді теріс түсінеміз. "Қатын" байырғы қазақ тілінде "құтым" (бағым, ырысым) деген мағынаны берген. Уақыт өте келе дыбыстардың ассимиляциялануы барысында "құтым" сөзі "қатынға" ауысыпты. "Қатын" сөзі араб тілінде "хатун" - "таң нұры". Осыдан 1500 жылдай бұрынғы ата-бабамыз Көктүріктердің сына жазуларында да "қатын" сөзі кездесіпті. "Қатын" сөзін қазіргі қазақшаға аударғанда "ханым" дегенді білдіреді екен. Түркі жазуларында оның мағынасы сондай. Тағы бір жерлерде "қатын" сөзінің төркіні ежелгі түркілер дәуірінен бастау алғаны жайлы, ерте көктемде гүлдейтін бәйшешек гүлінің хош иісін "хотун" деп, сол иіске әйел затын теңегендігі жайлы айтылыпты. "Қатынның" мағынасы дұрыс сияқты. Ал қазір "әйел" деген сөзді әспеттейтін болдық. Бірақ "әйел" сөзі "Әй, ел!" деп енелердің менсінбеуінен, яғни жат жұрттық, басқа елдікі деп "әй, ел!"басынғандығынан шыққан дейді. Мүмкін бұл рас та шығар, бірақ түбі бұл сөздің жақсы емес екені анық. Көбіміз әлі күнге дейін "қатыннан" қашып, "әйелді" ардақтап жүрміз"-дейді. 
нравится:    2465
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии