17 Август
11:40
Астана: 17 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Мәдениет
15 қыркүйек 10:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Айдай Исаева ана атанды
Қазақстанның 2013 жылғы аруы 25-жастағы Айдай Исаева бүгін бірінші рет ана атанды. Ол ұлды болды.  Қазақстан аруының өміріндегі маңызды оқиғаны Айдай Исаеваның құрбысы Әсем Нұрсейітова  «Инстаграмдағы» жеке парақшасында хабарлады.



Еске сала кетейік, Айдай Исаева мен оның жолдасы Мақсат ағымдағы жылдың cәуір айында отау көтерген болатын. 
Айдайдың жолдасы Мақсат  консалтингтік компанияның директоры болып қызмет атқарады. Айдай мен Мақсат үйленерден үш жыл бұрын  танысқан.



Бұған дейін белгілі болғандай, Айдай өзінің аяғы ауыр екенін ұзақ білмей келген екен. Ол тіпті “Әлем аруы” байқауына жүктілік басталғанын айтты.
“Мен жүкті екенімді ұзақ уақыт білмей келдім. “Әлем аруы” байқауына қатысып жүрген кезден бастап аяғым ауыр болып шықты. Бұл жаңалықтан есеңгіреп қалғаныммен, қатты қуандым. Жүкті екенімді естігенде, қуаныштан сол жерде жылап жібердім”, – деп ағынан жарылғаны белгілі.



Айдай Исаева - «Шымкент аруы-2008», «Алматының екінші аруы- 2013», «Қазақстан аруы - 2013», «Әлем аруы-2014» байқауының қатысушысы. Ол С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін тәмамдаған. 



Біз өз кезегімізде, Айдай мен Мақсатқа тұңғыштарының бауы берік болсын деп айтқымыз келеді!

 
нравится:    2696
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии