13 Декабрь
01:54
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
24 ақпан 11:24
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Айдын Айымбетов көпшілік біле бермейтін жеке өміріне қатысты құпиялармен бөлісті


"1993 жылы өзімді ғарышкерлер қатарына енгізу жөнінде өтініш білдірдім. Оған дейін Талдықорғандағы әуе базасында командир болып қызмет еткем. 470 сағат әуеде ұшып, парашютпен 360 рет секірдім. Өзіме нық сенімді едім", - дейді қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов «Қостанай таңы» газетіне берген сұхбатында.
«Бұйыртып, 2002 жылдың 9-қарашасында Қазақстан Республикасының ғарышкерлерінің қатарына қосылып, 2003 жылы медициналық тексеруден өтіп, жаттығу жұмыстарына кірістім. Ал, 2009 жылдың 15-желтоқсанында Мемлекеттік Ант қабылдап, «Қазғарыш» басшысының кеңесшісі ретінде қабылдандым. Содан кейінгі жылдары осы агенттікте бөлім басшысы, департамент басшысы сияқты бірқатар лауазымды қызметтерді атқардым. 2014 жылы оған ҚР Әскери-әуе күштерінің полковнигі атағын алдым. Сонымен қатар, біраз жыл күреспен де айналысқан кездерім де болды. Қазір әскери жойғыш ұшақтарды басқаратын маманмын», - дейді ғарышкер.  
Сонымен қатар, Айдын Айымбетов сұхбатында адамзат алдында тұрған экологиялық мәселелерді айтқан.  
«Арал мен Каспийді суретке түсіріп, мониторингін жасау кезінде Қазақстанды алғаш бақыладым.  Иллюминаторда тұрып, объективке керек аудандарды сыйғызу керек еді, ал Халықаралық ғарыш стансасы (ХҒС) секундына 7,8 километрмен ұшты. Арал теңізін бірден бақыладым, мұнайлы өлкені табуда сәл еңбектенуді қажет етті. Арал теңізінен шаң-тозаң толқыны шығып жатыр. ХҒС Жер шарын 92 минутта айналады. Керек ауданды түсіре алмай қалсам, тағы да сондай уақыт күтуге тура келеді. Он күнге созылатын сапар барысында басқа да физикалық-ғарыштық тәжірибелер мен экологияға қатысты мониторинг жүргізіп, шаңды дауылды зерттедім.
Біздер атмосфера қабатынан өзге ғаламшарларды мүлде көре алмаймыз. Ғарышта мұндай кедергі болмағандықтан басқа ғаламшарларды анық көруге болады. Марс, Юпитер, Сатурн дәл қасыңда, қол созым жерде тұрғандай. Бос уақыт аз болатын. Ондай сәт туындай қалса, бірден  иллюминаторға тартатынмын. Жерге қарасаң, ешқандай шекара көрінбейді. Алпуыт елдер мен шағын мемлекеттерді ажыратқың да келмейді. Бәрі - біртұтас. Сол кезде «Жер - ортақ үйіміз, барлық ел бірлікте, ынтымақтастықта өмір сүрсе екен» дейсің», - дейді ғарышкер.  
Әлемнің 545-ші ғарышкері Айдын Айымбетов -  «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа сапар шеккен үшінші қазақ. Ол былтырғы жылдың екінші қыркүйегінде ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты, даниялық Андреас Могенсенмен бірге «Союз ТМА-18М» кемесімен ұшқан. 

Дереккөзі: «Қостанай таңы» газеті
нравится:    1134
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии