Кербез
6 сәуір 15:13
​Әйел бақытының стереотиптері: олар әрдайым дұрыс па?
Мұның барлығы да әйел бақыты түсінігіне келіп саяды. Қандай әйелді бақытты әйел деп айтуға болады? Бұған айналадағы адамдар мән бермей қойса бір сәрі. Ең жаманы, әйелдердің өздері сәл бір қиыншылықтар пайда болып жатса, бақытсыз екендіктерін мойындауға құмар. Бұл ұстаным дұрыс па? Әрине, әрбір адам өз өмірі үшін шешімді өзі қабылдайды. Алайда біз әйел бақытының мәнін ашып көрсеткенді дұрыс көрдік.


 
Әйел жалғыз болса, бақытсыз деп қабылдап жатамыз. Яғни қасында өмірлік серігі, жары жоқ, сол себепті бақытсыз деп ойлаймыз, Алайда бұл дұрыс емес. Жалғыздық адам үшін өзін-өзін дамытуға берілген уақыт деп қабылдау керек. Бәлкім ол адамның жалғыздықты сүйетін ішкі қажеттілігі бар болар? 
 
Қоғамның түсінігінше, әйел бақыты – ана болу. Алайда бұл сезімді әйел затының өзі түрлі жас ерекшелік кезінде бастан кешіруі мүмкін, кейбірінде бұл сезім оянбауы да мүмкін. Бала сезіміне бойлаған әйел өзін-өзі ұмытып, бақытсыз болып қалуы да ғажап емес. Сондықтан ана болу сезімі әйел бақытының құранды бөлшегі ғана, оның орнын баса алмайтыны ақиқат.
 
Әйел үй шаруасында жақсы өзін көрсете алуы тиіс. Бір туындайтын сауал, сондай әйел мұны кім үшін көрсетуі қажет? Ер адам үшін бе? Қазіргі уақытқа салса, үй шаруасын жынысына қарай бөлу дұрыс емес.
 
Әйелдің бақытты болуы – барлығына ұнауы. Бұл да қате түсінік. Әйел бәріне ұнауы тиіс жиырма долларлық ақша емес. Әйел заты сұлу да әдемі болуы керек, алайда бәріне бірдей ұнауы шарт емес. Мұны  өзіне міндет қып алып, орындалмағанына қынжылу дұрыс та емес.
 
Әйел үшін отбасы білім мен мансапқа қарағанда бірінші тұруы тиіс. Мұндай ойды тек қана әлсіз, бәсекелесе алуға беті қарамайтын еркектер ғана айтуы мүмкін. Әйелдің мансап құрып, ер адамға қарағанда материалдық тұрғыда өзін-өзі қамтуға ұмтылуы өте қалыпты жағдай.
 
Осындай қате стереотипті қағидаларды ұстану кез келген адамды бақытсыз етуі мүмкін. Әйел бірінші кезекте өзінің ішкі түйсігіне назар аударуы тиіс, арманына қол жеткізуі керек, талпына білуі керек. Және де бақытты болуына кедергі деп әр нәрседен үйрейлене берген орынсыз екенін ұғынуы керек!
 
Дереккөз: http://www.zhenskoeschastie.com

Комментарии




Яндекс.Метрика