19 Август
18:59
Астана: 21 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
3 шілде 12:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әйел энергиясын қалай көтеруге болады?

Әрбір әйел өзіне барлығының қызығып қарағанын қалайды. Ол үшін сізден шуақ шашылып, жағымды энергия таралып тұруы керек. Ал энергияны қайдан алатынымызды, қазір айтамыз. Дайын болсаңыз, кеттік… 

Жақын құрбыларыңызбен жиірек кездесіңіз. Әйелдермен болатын қарым-қатынас әйелдік энергияны көбейтеді және эмоцияңызды шығарудың дұрыс шешімі;

Психологтың көмегіне жүгінер болсаңыз, жасы өзіңізден үлкен әйел кісіні таңдаңыз. Әжелермен де әңгіме-дүкен құрғанның артықтығы жоқ. Егер әлі тұрмыс құрмаған болсаңыз, отбасылы құрбыларыңызбен жиі сөйлесіңіз. Бұл сіздің болашақ некелі өміріңізге арнап жиналатын мол энергияның қоры;

Ер адамдардан жиірек көмек сұраңыз;

Жүйелі түрде массажға барып, бимен немесе йогамен айналысудың көмегі зор. Тек жаттықтырушыңыз әйел кісі болсын;

Айқайлап ұрыспаңыз, ол сіздегі ер адамның энергиясын арттырып жібереді;

Адамдарды көбірек тамақтандырыңыз! Мысалы күйеуіңізді, достарыңызды, жануарларды тамақтандыру арқылы энергияны көтеруге болады.

Қайырымдылықпен айналысыңыз;

Жүйелі түрде үйіңізге тазалық жұмыстарын жүргізіп отырыңыз. Керек емес, ескі заттардан арылыңыз;

Су-әйелдік энергияның көзі. Теңізге, көлге, өзенге барыңыз, тым болмаса душқа жиі түсіңіз;

Сөз таластырмаңыз, шағым айтпаңыз, салыстырмаңыз! Жұмсақ, мейірімді болып өзіңізге және басқа әйелдерге де қошемет айта біліңіз;

Үй гүлдерін өсіріп, қолөнермен айналысыңыз;

«Мен істей аламын!» деген сөзді сирек қолдануға тырысыңыз. Бұл ер адамдарға тән қасиеттің нышаны. Оның орнына «Мен қалаймын» дегенді қолданыңыз. Бірақ өзіңіздің нені қалайтыныңызды анықтап алыңыз.

Жалғыз қалудан қорықпаңыз! Бұл уақытты өзіңізге арнап, энергияңызды молайтуға жұмсаңыз.

http://ikerim.kz/2017/06/26/aiel-energiasyn-kalai-koteruge-bolady/
нравится:    236
Теги: Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии