19 Ноябрь
16:34
Астана: -1 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Кербез
20 қаңтар 15:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әйелдердің әдемі киінуі үшін Dolce & Gabbana берген кеңестер
Италяндық дуэт Доменико Дольче мен Стефано Габбана 30 жылдан бері киім мен аксессуарлар шығарып келеді. Олардың топтамасын бүкіл әлем әйелдері мойындайды. Арулардың қалайша стильді, әдемі киінуі керектігі жайлы Дольче мен Габбана ұсынған кеңестерді айта өтейік.Бұл туралы AdMe.ru хабарлайды.

5882310-650-1453217371-dolce-gabbana-fall-ads3

Ең бірінші ережеміз – ешқандай ережеге бағынбау.

Әуелі еркіндікті таңдаңыз. Әр әйел өзін жайлы сезінетін киімді киюі керек.

Образ қалыптастыру. Мәселен, Софи Лореннің қандай сөмке ұстағанын кім біледі? Ал, оның декольтесін білмейтін жан жоқ.

5882360-650-1453217371-45288753-1

Киім адам туралы бәрінен хабар беріп тұрады.

Әдемі іш киімдер сексуалдылық белгісі. Бұл өзіңнің тәніңе деген құрмет.

Әр әйелдің шағын қара көйлегі және әдемі аксессуары болу керек.

Сән үлгісіндегі емес, өзіңе ұнаған киімді таңдау керек. Сән әрдайым қолдан жасалады. Ал, стильді киінсе, балықшының да киімі көзге түседі.

Корсет киюге көңіл бөліңіз. Корсет денеңізді бір көлемге кішірейтіп, әрі жоғары көтеріп тұрады.

Сіз бұрынғы суреттеріңізге қарап отырып, сол кездегі киінгеніңізге көңіліңіз толмаса, қуана беріңіз. Өйткені, сіз уақыт өткен сайын дұрыс киініп жүрсіз.

Бастысы, адам өзін сенімді әрі шынайы ұстауы керек. Адам қарапайым ақ көйлекпен де сымбатта көрінуі мүмкін. Яғни, ол киімге емес, өзіңізді ұстауыңызға байланысты.
Әдемі болу үшін, мінсіз болу міндетті емес. Шындығында сіздің бір ғана жеріңіз сымбатты көрінуі мүмкін. Мәселен, маған үлкен мұрынды әйелдер ұнайды. Мұрын – бұл мінезді танытады. Ал, көп әйелдер мұрындарын түзеткісі келіп жатады.

Дереккөзі: Stan.kz
нравится:    969
Теги: Сән әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии