18 Декабрь
16:54
Астана: -10 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
15 қыркүйек 16:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әйелдерге күлімсіреп тұратын еркектер көбірек ұнайды
Әйелдерге күлімсіреп тұрған еркек ұнап қана қоймайды, олар ондайларға сеніммен қарайды. Бұл туралы AmericaRU.com хабарлады.



«Ойлы қалыпта отырған Джеймс Дин, бәлкім, кез келген әйелді етпетінен түсіретін шығар. Бірақ әйелде шын ойы бар еркек оған көбірек күлімсіреп қарауы тиіс», – деп жазады басылым.

Зерттеушілер еркекпен ұзақ мерзімді қарым-қатынас қалыптастырғысы келетін әйелдердің олардың күлімсіреп тұратындарын тартымды деп бағалайтындарын анықтады. Әйелдер сондай-ақ жымиып жүретін ер кісілерге көбірек сенетіндерін де жеткізген.

Бір қызығы, ұзақ уақытқа созылатын байланысты керек етпейтін қыз-келіншектер күлімдеген жігіттерді тартымды деп есептей қоймайтын болып шықты. Мұны анықтаған Осло университеті мен Сеншу университетінің психологтары сенімді болып көрінетін ер кісілердің жымиғыш болып келетіні олардың отбасында алған тәлім-тәрбиесімен байланысты деген байламға келіп отыр. Бірақ жеңілтек бойжеткендер үшін мәселенің бұл жағы оншалықты маңызды көрінбейді екен.

«Күлімсіреу еркекпен қарым-қатынасты ұзақ уақытқа жоспарлауға негіз береді. Алайда, ол жалғыз-жарым кездесуді қалайтын жеңіл жүрісті әйелдерді мүлдем қызықтырмайды. Әйелдер өзі екіқабат болған және бала тәрбиелеп жүрген кездерде өз жұбын жоғалтып алу тәуекелін барынша аз болуы мақсатында сенімділік сияқты әлеуметтік факторға көбірек көңіл бөледі», – деп жазады «Evolutionary Psychology» журналы.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    855
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии