|    |  
15 желтоқсан 2018
18:46
қаз
Әйелдерше киініп алып, көшеде жүрген ер кісі Атырау тұрғындарын таң қалдырды
17 шілде, 12:02 447



Атырау тұрғындары әйелдердің шұлығы мен көйлегін киіп алып, көшеде еркін қыдырып жүрген ер кісіні көріп, таңданыстарын жасыра алар еме. 

Видео Instagram желісіндегі zello.aktobe парақшасында жарияланды.

Видеодан бастан аяқ әйелдерше киініп алып, жан-жағына жалтақтай қарап, аяғын асыға басқан ер кісінің көшені қиып өтіп, жол шетінде тұрған көлікке мініп жатқан сәтін анық көруге болады.

Желі пайдаланушылары ролик кейіпкерінің осылайша әйел образына енуіне қандай себептер болғаны туралы түрлі нұсқаларды айтып, "Біреумен бәстесіп, ұтылып қалған шығар", "Әйелі барлық киімдерін жуып қойған болар" деген секілді пікірлер қалдыруда.

 



Reactor.inform.kz


Жаңалықтар