24 Ноябрь
18:45
Астана: -3 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 330.00
EUR/KZT: 390.72
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.13
Әлем жаңалықтары
29 қазан 15:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Әйелдің басшылық қызметке ауысуы оның гормондарына да әсер етеді
Әйел адамның бастық болып тағайындалуы оның әлеуметтік ахуалы мен жалақысын өсіріп қана қоймай, сонымен қатар тестостерон деңгейін де өзгертетіні белгілі болды. Бұл жаңалықты Висконсин университетінің ғалымдары анықтады.


Яғни, аталмыш гормонның деңгейі тек биологиялық факторға бағынышты емес, деп жазады The Daily Mail. Мамандар қол астындағы қызметкерін жұмыстан шығарған кездегі әйел және еркек актерлердің тестостерон деңгейін бақылады. Тәжірибеге қатысқан еріктілерге екі роль берілді. Олар өздерін әйел немесе еркекше ұстауы керек. «Еркек» рольдегі актерлер өз шешіміне өте сенімді болып, өзін сыйлауға талап қою тиіс деген тапсырма берілді. Ал «әйел» рольдегі актерлер өзін әдепті ұстап, қызметкерді жұмыстан шығарған кезде өзін жаман сезінген. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, «еркек» ролі еркектердің емес, әйелдердің тестостерон деңгейін көтеріп жіберген. Алайда нәзік жандылардың тестостерон деңгейі «әйел» ролін сомдаған кезде де жоғары көрсеткіште болғаны анықталды. Ғалымдардың болжауынша, әйелдердің гормон деңгейіне еркекке тән мінез-құлық емес, басшылық қызмет әсер еткен. Дереккөз: 7sunews.kz

Дереккөзі:7sunews.kz

 
нравится:    872
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии