|    |  
20 қазан 2019
16:08
қаз
Әйелдің бай болуына не кедергі?
13 сәуір 2017, 18:17 42
Табысты болуды әр әйел армандайды. Бірақ бұл көбіне арман күйінде қалып қояды.  Баю – сыртқы факторлар мен сәттіліктен емес, адамның ойлауына байланысты. Бұған шын мәнінде не кедергі? Көрейік


 
1. Қорқыныш
 
Үнемі ақша жетпей қалама деп, үнемдеп жүру. Осының себебінен қымбат киімнен, қызықтан құр қалу. Мұндай әдет өз кезегінде адамның деңгейін төмендетіп жібереді. Жерге қарап жүретін адам аспанды көрмейді. Армандай алмайды, алдына мақсат қоймайды. Сондықтан ақшаны қалай табам деп қаратүнекті төндірмей, қаржыны қуанышқа жұмсай білген абзал.
  
2. Өз күші мен кәсібилігіне деген сенімсіздік
 
Өз-өзін төмен бағалау. Өзіне деген сенімсіздік пен өзіне деген бағаның төмен болуы көп адамның өмір жолында кедергі. Мұндай адамдар өздерін көп нәрсеге лайық көрмейді. Сол себепті де айналадағылар ол адамды төмен санайды. Адамның ең алдымен өзі туралы бағасы дұрыс болуы керек. Бұл әдеттен арылу үшін қолыңыздан келетін істердің тізімін жасаңыз. Зер салып қарасаңыз біраз нәрсе жасауға болатындай мүмкіндігіңіз бар. Елдің бәрі сіз ойлағандай ерек емес. Тек өзінің аздаған таланттарын ұштап, талпынып жүргендер. Ендеше білек сыбанып іске кірісіңіз.
 
 3. Қарыз алудан қорқу
 
Бизнес деген басқаның капиталын тарту. Бизнеспен шұғылданатын адамдар басқалардың капиталын тарту арқылы табыс тауып, қарызды қайтаруға болатынын біледі. Тіпті қолдарынан ештеңе келмеген күннің өзінде бір-біріне қажетті екі адамды кездестіріп, қызметі үшін ақы алады. Бұл да бизнестің басы. Ең бастысы ниет. Қорықпау қажет.


 
4. Өзіне жұмыс істеу
 

Адам біреуге жалданып жұмыс істегенде қожайынының бірнеше есе көп табыс тауып отырғанын түсінеді. Сондықтан тұрақты жалақысы бар жұмысын тастап, өз кәсібін ашады. Бірақ бұған өз-өзіне сенімді, сәтсіздіктен қорықпайтындар ғана бара алады.  Демек ең алдымен. Адам өз-өзімен жұмыс істеуі керек деген сөз. Егер психологияңыз, ойлауыңыз дұрыс болса басқасы ерте ме кеш пе оңынан шешіліп, дегеніңізге жетесіз.
 
5. Табандылық
 
Табандылық адамның болмысымен тікелей байланысты. Әрі қарай адам өз өзін тәрбиелейді, өмірлік тәжірибесімен ұштастырады. Егер «жасай алмаймын», «менің қолымнан келмейді» дей берсеіз шынында қолыңыздан ештеңе келмейді. Керісінше «өзгелерден менің қай жерім кем», «мен олардан асырып жасаймын» деп өз-өзіңізді қайрасаңыз  нәтиже басқаша болмақ.
 
6. Болашаққа инвестиция салу
 
Әр кезде аз мөлшерде болса да артық ақшаны жинаққа салып жүру. Бұл болашағын әріден ойлайтын адамдардың әдеті. Дәл қазір ештеңеден тарығып жүрмесеңіз де артық ақшаны жинай беріңіз. Бұл болашақтағы жобаларыңызға жарна болады. Ешқашан ақшаның артығы болмайды. Күндердің күнінде осы әдетіңіздің пайдасын көресіз.
 
Дереккөз: Клубер


Жаңалықтар