18 Август
14:38
Астана: 20 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
25 қазан 16:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Әйелінің бояусыз түрін көргесін онымен дереу ажырасты

Біріккен Араб Әмірлігінің тұрғыны өз әйелінің түрін бірінші рет макияжсыз көруге мүмкіндік алғаннан кейін онымен ажырасуға шешім қабылдады. Бұл туралы Metro ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Соның қарсаңында ерлі-зайыптылар Шарджа қаласындағы жағажайлардың бірінде демалуға барады. Сол жерде 24 жастағы келіншек бетіндегі макияжын жуып тастайды. Мұны көрген күйеуі оның репетсіз реңінен қатты шошып кетеді.

Анықталғанындай, келіншек қыз күнінде бетіне көптеген пластикалық операция жасатыпты. Бетінде солардың іздері қалып қойыпты. Бұдан басқа, әйел көзіне түрлі-түсті линза мен жасанды кірпік жапсырып алып жүрген екен.

Мұны көрген 30 жастағы күйеуі өзін алданып қалған адам сезініп, бірден әйелімен ажырасу жөнінде арыз берген. Ол өзінің шешімін жұбайына сол бойда жеткізген. Кейін бұрынғы келіншегінің қайта қосылу жөніндегі ұсынысының бәрін қайтарып тастаған.

ras.kz
 
нравится:    985
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии