|    |  
17 желтоқсан 2018
05:16
қаз
Әйгілі итальяндық блогердің Қазақстан туралы видеосы көпшіліктің көңілінен шықты
31 қазан, 11:11 1169


Танымал итальян блогері Сара Ицци бейне-оператор Тимур Тугалевпен бірлесіп түсірген "Lost in Kazakhstan" деп аталатын Қазақстан туралы бейнежазба Ғаламторда жарияланған сәттен-ақ көпшіліктің көңілінен шығып, оны тамашалаушылар қатары күннен-күнге артып келеді.

Видео 2016 жылдың қыркүйек айында Sony A7S камерасы мен DJI Phantom 4 дроны көмегімен 4К-форматта түсірілген.

Шағын ғана бейнематериалға авторлар Қазақстанның әсем табиғатын, Алматының әлемге әйгілі көрнекі жерлерін сыйғызып жіберген.

"Қазақстан – асқар таулар мен шалқар көлдер, жазық далалар елі. Алматы соңғы онжылдықтарда әлемнің ұлы астаналарымен деңгейлесіп, қазіргі заманғы сән мен салтанатқа толы мегаполиске айналды", — дейді Сара Ицци.




Сара Ицци – итальяндық жазушы, саяхатшы, филология және мәдениеттану бойынша блогер.

Ал саяхатшы-режиссер Тимур Тугалев Қазақстанда туған, бірақ Аргентинада ер жетіп, Глазго өнер мектебін тамамдаған.

Авторлық ұжым әлемнің түкпір-түкпіріне жасаған саяхаттары туралы қызықты танымдық видеолар түсірумен бірнеше уақыттан бері айналысып келеді.



Айдар Жанай

 


Жаңалықтар