20 Январь
17:15
Астана: -18 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 324.27
EUR/KZT: 398.27
RUB/KZT: 5.73
CNY/KZT: 50.68
Мәдениет
3 қаңтар 17:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Айгүл Иманбаева: Димаш тыңдарманның талғамын көтеріп тастады
Әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында Димаш Құдайберген туралы ойын айтты. Димаш тыңдарманның талғамын сатылап көтеріп тастады дейді.


 
«Димаш! Бұл есім – былтырғы жылы әлемге қазақ өнерін танытудың өкілетті елшісі болған жарқыраған жауынгерінің есімі! Димаштың бір жылда бағындырған биіктері мен кеңейткен көкжиектеріне көз түгіл көңіл жетпейтіндей... Дегенмен, адам баласының қолынан бәрі келетіндігінің дәлелі бұл. Ол ерінбей еңбектенген, талмай талпынған, үмітін үзбей армандаған жанның бәріне жететіндігін өз жетістіктерімен көрсетті. Димаштың сахнаға шыққан әр сәтін мен де Сіздермен бірге қадағаладым. Қайта-қайта қарадым... тамсандым... бірде жүрегім елжіреп, көкірегімді қуаныштың жасы қысты... бірде ойлы жанарынан сыр ұқтым... Бір сөзбен айтқанда, мен Димашқа жанкүйер болдым. Бір нәрсеге көзім жетті. Кез-келген адам баласының тағдыры о баста, «шыр» етіп, дүниеге келген кезде маңдайына жазылғанымен, сол жолды кім қалай кешеді өзіне және тәрбиесіне байланысты екен. Димаш – ата-әжесінің мейіріміне шомылып, әкесінің музыкаға баулуымен қанаттанған, анасының қарапайымдылығымен қаруланған бала. Сондықтан оның әр сөзінен еліне деген махаббаты сезіліп, әр ісінен музыкаға, өнерге деген адалдық білініп тұрады. Оның әр жетістігінің негізгі діңгегі – адамгершілік пен кішіпейілділік. Димаштың әлемдегі ең танымал жұлдыздармен бірге бір сахнада дуэтпен ән шырқауы қазақ өнерінің орбитасын кеңейтуде. Ол өзінің мәртебелі жетістіктерімен тыңдармандарының талап талғамын да сатылап көтеріп тастады. Және жас ұрпақ санасына саф өнердің қаншалықты құнды болатындығын құйып берді.
 
Димаш орындаған әр ән ғаламат туындыға айналып, қалықтай жөнелуінде нендей құдірет бар деп ойланып көрдіңіз бе?! Бұл – өнерге, музыкаға деген махаббат, шынайы әрі адал махаббат! Себебі, Димаш салған әндердің әр иірімінде оның жүрек лүпілі бар, өнерге деген өлшеусіз махаббатының жалыны бар. Барлықтарыңызға махаббат берсін! Себебі, Біз Абай атамыз айтқандай, «махаббатпен жаратылғанбыз»-дейді актриса.
  
Дереккөз: Reactor
нравится:    277
Теги: Музыка, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии