24 Октябрь
13:37
Астана: -1 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 336.05
EUR/KZT: 394.49
RUB/KZT: 5.85
CNY/KZT: 50.63
Әлем жаңалықтары
21 қазан 10:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Айгүл Мүкей Асанәлі Әшімовтің орынбасары болып тағайындалды

 
Мәдениет министрі мен өнер майталмандарының, Тұңғышбай Жаманқұлов пен Асанәлі Әшімовтің арасындағы дау айқын алауыздықты көрсеткен еді. Жанжал әлі жалғасуда. Күні кеше Асанәлі Әшімов Тұңғышбай Жаманқұлов басқаратын Театр қайраткерлері одағынан шығып, Қазақстан театрлары қауымдастығын құрып, өз алдына бөлек отау тікті. Ал бүгін белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей instagram-дағы парақшасында өзінің жаңадан құрылған қауымдастық төрағасының орынбасары болып тағайындалғанын хабарлады.
 
«Мэтр. Барлық кезең мен барша халықтың үздік актері. Менің ұлымның өкіл әкесі. Менімен жолыққан сайын «Асанәлі қалай? Қашан үйлендіреміз?»-дейді (Айгүл Мүкейдің Асанәлі есімді ұлы бар). Ал мен: «Аға, Құдай қаласа уақыты келер»-деймін. 
 
Бірақ бүгінгі әңгімеміз бұл жөнінде емес. Асанәлі аға Т.Жүргенов атындағы өнер академиясы түлектерінің қауымдастығына  президент болып сайланды. Ал, мен қауымдастық президентінің орынбасарымын. Біздің жұмысымыз жайында тағы жазамын»-дейді автор.  
 
нравится:    1797
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии