13 Декабрь
03:55
Астана: -25 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Мәдениет
7 қазан 12:56
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Айқын Астанада жанды дауыспен жеке концертін бермек
«Қазақ тілінің «модный» болғанын қалайтын» әнші Айқын  Төлепберген Астанада алғаш рет жеке концертін бермек. 


«Астанада өтетін алғашқы жеке концертімен келіңіздер!!! Бәріңізді күтемін. Жанды дауыс, керемет шоу!!! Кештеріңіздің көңілді өтуіне бар күшімізді саламыз»,- делінген әншінің instagram-дағы  жеке парақшасында.
 
Айқынның Астана төріндегі алғашқы концерті 19-қарашаға жоспарланған. Аталған концертте Айқынмен бірге Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Ернар Айдар, Әділет Жеңіс т.б. өнерлерін көрсетпек. Кеште орындалатын әндер жанды дауыспен шырқалмақ.
 
Айта кетейік, өткен жылы жергілікті басылымға берген сұхбатында  ұлтжанды Айқын: «Мен  қазақ тілінің «модный» болғанын қалаймын. Сол себепті де мемлекеттік тілді білмейтін қандастарымызға, өзге ұлт өкілдеріне ән арқылы қазақ тілін үйреткім келеді...»,- деген болатын.
 


Айқын Төлепберген «SuperStar.kz» музыкалық байқауының алғашқы легінің түлегі. «Новая волна» халықаралық байқауының лауреаты, «Алматы жүрегімде» фестивалінің Гран-при иегері.  Саз әлемі» ұлттық музыкалық бәйгесінде де озық шығып, «Жылдың үздік әншісі».

Дереккөзі: reactor.inform.kz
Авторы: Абай Айсара
нравится:    805
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии