18 Октябрь
04:05
Астана: 5 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Мәдениет
5 шілде 18:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Айқын орындап жүрген ән «ұрлық» па?!



80-жылдардың хитіне айналған әннің бірі - Мұхтар Шахановтың «Мен саған ғашық едім» атты әні. Бұл әннің сөзін де, әуенін де М.Шаханов жазған. 
Қазір Айқын Төлепберген «Алтыным менің» деген әнді айтып жүр. Жұрттың ыстық ықыласына бөленген бұл әнді тыңдаушылар да көп.
Айқын орындап жүрген осы «Алтыным менің» деген әннің сөзіне байланысты дүдамал ой бар.
Айқынның орындауында: 
Мәңгілікке бақытсыз еттің мені,
Сол жылы алма ағаштар көп гүлдеді,
Сол жылы көрші ауылдың баласына,
Мәңгілікке айырбастап кеттің мені
 
 
Ал Мұхтар Шахановта: 
Қайтейін сен ажарсыз еттің мені
Сол жазда жиделер де көп гүлдеді
Сол жазда көрші ауылдың баласына
Мәңгіге айырбастап кеттің мені. 
Өлең шумағы кімнен «ұрланды» деген сұрақтың туындауы заңды. 
Айқын бұл жағдайдан бейхабар болса керек, болмаса қатесін түзететін уақыт болды ғой. Ендігі уақытта әннің сөзін «иесінің» атынан орындаса, нұр үстіне нұр болар еді.


Дереккөзі: ALASHINFORM
 
нравится:    1334
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии