16 Декабрь
07:26
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
30 қараша 15:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Айқын ресейлік әнші Сосо Павлиашвилимен дуэт құрды

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген мен ресейлік музыкант Сосо Павлиашвили бірігіп ән жазды. Айқынның айтуынша, дуэт жазу туралы ой жақында ғана келген. «Мен  қарашаның басында концерттернің бірінде Қазақстанда ресейлік және шетелдік әртістерді әкеліп жүрген Аслан Тілеубаймен кездесіп қалдым. Сөз арасында ресейлік әншімен дуэт айту туралы әңгіме болды. Мен Асланнан өтініп едім, сол қандай әншімен айтқым келетінін сұрады. Мен  Сосо Павлиашвилимен ән айтуды қалайтынымды жеткіздім. Оның әндері, шығармашылығы, сахнада өзін ұстауы маған бұрыннан ұнайтын. Караокега барғанда да, соның әндерін таңдайтынмын. Екі күннен соң, Сосо Павлиашвилидің келіскенін жеткізді»-дейді Айқын.

Жақынды Айқын Мәскеуге барып, бірге ән жазып қайтқан. «Мен екі әнді ұсындым, ол да екі әнін көрсетті. Соңында Сосоның өзі жазған бір әнге тоқтадық»-деді Айқын. Ән жазу кезінде Сосо Айқынға: «Айқайлама, ән айтқанда өзіннің сүйіктіңнің құлағына сыбырлағандай айт»-деген. Бұл сөз Айқынның көңілінен шығыпты.

Екі әншінің бірігіп жазған әнін тыңдармандар осы жылдың соңына дейін ести алады.  Ал бейнебаян желтоқсанның ортасында түсіреді деп жоспарланып отыр.

 Сондай-ақ, Айқын дайындық кезіндегі суреттері мен видеоны Instagram парақшасына жүктеп қойған.

Айқын Павлиашвилимен бірге жұмыс істеген сәтінен керемет әсер алғанын алға тартады.

«Жақсы адамның қасында өткізген бір сағатың бір кітапты оқып шыққанмен тең. Нағыз музыкант. Өз ісінің кәсіби шебері», — дейді отандық әнші микроблогында.

Дереккөзі: baistars.kz
нравится:    744
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии